Қалтасы қалың алматылықтар дағдарыстан қорықпайтынын айтты

0
428

Қалтасы қалың отандастарымыз дағдарыстан қорықпайды. Әзірге олардың ермегі қымбат темір тұлпар.

бентли

Мамандардың дерегіне сүйенсек, брендтік көлікті тізгіндеуге ниетті ел азаматтары ресейліктерді шаң қаптырыпты.

Қысылтаяң кезеңге қарамастан отандастарымыздың қымбат көлік тізгіндеуге деген құлшынысы артып отыр.

«Бұл үрдіс 2020 жылға қарай тағы да 9 пайызға артады», – дейді сарапшылар. Ал экономикасы мығым Америка мен Еуропада бұл көрсеткіш небәрі 2 пайыз ғана.

Демек, брендтік көліктерге деген сұраныс жоғары. Қазірдің өзінде 250 жуық «Bentley» отандық жүргізушілер еншісінде.

«Мұндай люкс-көлікке қолы жеткендердің одан өзге 4-5 темір тұлпары болады», – дейді мамандар. Оның үстіне бүгінде адамдар жиған-тергенін жасыруға асықпайды.

«Бүгінде қымбат брендтік автокөліктер әлдеқайда қолжетімді. Оған екі жағдай әсер етуде. Бірінші – Ресей тарапы темір тұлпарлар бағасын түсірді. Екінші – танымал компаниялар көлік түрлерін көптеп шығаруда. Осы ретте, Қазақстандықтардың тізгіндеп жүрген көліктеріне қарап-ақ, елдегі хал-ахуалды аңғаруға болады. Оған қоса, той-томалаққа да қазақ елі қаржыларын үнемдеп жатқан жоқ», – деді кәсіпкер Бейбіт Әлібеков.

Әлемдік дағдарыс Алматыдағы бай-қуаттылардың қалтасын жұқартпаған сыңайлы. Жоғары деңгейдегі қызметті пайдаланатындардың басым бөлігі Алматы тұрғындары. Ал елордалықтардың үлесі небәрі 5 пайыз.

«Көптеген танымал компаниялар дағдарыс кезінде тұтынушыларын жіберіп алмауға барын салады. Дамушы мемлекеттерде люкс қызмет түрі қарқынды өсетіндігі сөзсіз. Осы ретте, бизнестің ордасы саналатын Алматыда бұл қызмет түрін пайдаланатындар басым болады. Ал алдағы 2 жылдың ішінде Астана қаласында люкстық қонақ үйлердің саны қаптайтыны сөзсіз», – деді кәсіпкер Бейбіт Әлібеков.

Әйткенмен, «еліміздегі жоғары класқа жататын дүкендердегі тауар сапасын шетелдікімен салыстыруға мүлдем келмейді», – дейді сарапшылар.

Ашығын айтқанда “VIP-шопинг” мәдениеті қалыптасып үлгермеген. Брендтік өнімдерді саудалайтын орындардың артуы отандық кәсіпкерлердің ғана емес, Батыс Еуропа мен АҚШ-тың да бизнесмендеріне тиімді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз