Тәтті нанға таласқан тұрғындар көпшілікті таң қалдырды (фото)

0
502

15 тамыз күні Қостанайда қаланың 136 жылдығы үлкен құрметпен атап өтілді. Алайда, қала тұрғындарының наннан жасалған пирамидаға шабуылы көпшіліктің таңданысын туғызды.

IMG_4057

Бұл туралы Наша газета басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Нанннан жасалған ерекше экспозиция маңында жергілікті өнерпаздар концерт қойып, қала тұрғындары тамашалап тұрған. Кейін облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов наннан ауыз тиіп, кетіп қалған соң, тұрғындар жаппай нанды талай бастады.

IMG_4222

Тұрғындар күзетшілерді де елемей, тәтті тоқаштар мен бөлкелерге таласа бастайды. Төменгі қатарда тұрған нан бітіп қалған соң, олар ең жоғарыда орналасқан каравайды аламыз деп жанталасты.

IMG_4229

Ал нан пісіруші қыздар қанша жерден тырысқанымен, нанға таласқан көпшілікті тоқтата алған жоқ.

IMG_4196

IMG_4205

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз