Әкім вокзал аумағын жезөкшелерден тазартуды талап етті

0
488

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қаланы безендіруде  ескірген технологиясын пайдаланудан бас тартуды тапсырды.

астана

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Елорда әкімшілігінің сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен аппараттық жиын барысында тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы, инвестиция тарту, жаңа оқу жылына қала мектептерін дайындау және тағы да бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Өткен аппараттық жиындардың бірінде елордадағы супермаркеттердің, сауда орталықтары мен денсаулық сақтау мекемелері, сондай-ақ, өзге де әлеуметтік нысандардың халыққа көрсететін қызметтерінің сапасын арттыру бойынша мәселе көтерілген болатын. Бұл мәселеге тұрғындар да үн қосты.

Ескі материалдар, гирляндтр, жарық диодты шамдар қолданылған. Мұның барлығы да ескіріп біткен.

Қала басшысы атап өткендей, қалалық құрылымдардың басты жұмыс бағыты елордалық сервис деңгейін және халыққа көрсетілетін барлық қызмет түрлерінің сапасын арттыру болуы керек.

Әкімнің сөзінше, бюджет саясатында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік механизмін жиі пайдаланып, инвесторларды тарту қажет.

Қала мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы және олардың жағдайы жақсы болғанымен, әкім бірқатар кемшіліктерге де тоқтала кетті.

“Көптеген қала мектептерінің ауласында санитарлық жағдай бақыланбайды. Салбырап тұрған электр сымдары балалар үшін қауіпті, мысалы. Мектеп аулаларында тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғалардың жүрмеуін де назарда ұстау қажет. Мұның бәрін мектеп директорлары ғана емес, қаланың құзіретті органдары да қадағалау керек, – деді Жақсыбеков.

Тағы бір өзекті мәселе вокзал аумағындағы жағдай болып табылады.

Қайыршылар, «түнгі көбелектердің» қызметін ұсынатын жеңгетайлар және вокзал аумағындағы қым-қуыт тірліктің бәрі қала тұрғындары мен қонақтары тарапынан айтылатын көп сынға түрткі болады.

“Мысалы, «Вечерняя Астана» газетінің сенбілік нөмірінде тілші өзге қаладан келген адам ретінде көрініп, вокзал аумағындағы өмірдің барлық қыр-сырын ашып берген. Бұл кеше ғана орын алған жағдай емес. Ішкі істер департаментінен вокзал аумағын тазарту бойынша шара қабылдауды талап етемін”, – деді әкім.

Қала басшысының айтуынша, ПИК тұрғындармен тікелей байланыста болып, әрбір шағым мен өтінішке дер кезінде жауап қатулары керек.

Елорданың безендірілуі де, әкімнің пікірінше, көп сынның астында қалып жатады. Астананың күндізгі және түнгі безендірілуі қазіргі елорданың бет-келбетіне сай емес.

“Ескі материалдар, гирляндтр, жарық диодты шамдар қолданылған. Мұның барлығы да ескіріп біткен. Жаңа, жоғары технологиялық материалдарды пайдалану керек. Бәрі бірыңғай концепцияға бағыну керек, – деген әкім осы жұмысты Қала құрылысы және сәулет басқармасына бақылауды тапсырды.

Қорытындылай келе, Әділбек Жақыбеков Астана қаласында тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы елорда статусына сай болуы керектігін тағы бір атап өтті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз