Оқыған, тоқығаныңмен елді, мемлекетті басқаруға болады, бірақ әйелді емес!

0
565

Оқыған, тоқығаныңмен елді, мемлекетті басқаруға болады, бірақ әйелді емес!

 

Жалпы, көп жағдайда, байлықтан басы айналған еркектердің шын мәнінде бір де, яғни жалғыз да жан жары болмайды! Ол «бәйбішем», «тоқалым» деп, жұрттың ойнастарын бағып-қағып өтеді. Мұны өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан көп әйел алуға әуестенудің қажеті жоқ! Әсіресе жағдайы бар жігіттер сақ болғаны абзал. Өмірде барлығы да ақшамен, байлықпен өлшенбейтінін ұмытпаулары керек. Сезімді ешқандай ақшамен сатып алуға болмайды! Сезім – нағыз еркектіктің ғана меншігі (тіпті құлы! )! Ал нағыз еркектер біздің бүгінгі қоғамда жоқтың қасы! Сондықтан екі әйел алам дегендер ентігін басып, «жеті өлшеп, бір кессін».

Оқыған, тоқығаныңмен елді, мемлекетті басқаруға болады, бірақ әйелді емес! Әйелді басқаруға – қажет кезде өзге үшін өміріңді ойланбай-ақ қия салатын мәрттік, адалдық, батырлық пен қоса «жердің астындағы жыланның күйсегенін сезетін» қасиет керек еркекке! Басқа жағдайда еркек қор болып қалады.
Геройхан Қыстаубаев

Facebook-тегі парақшасынан 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз