Қытайда қазақ жігіті қазылар алқасын дауысымен таңғалдырды (видео)

0
404

Қытайларды тағы бір қазақ дауысымен таңғалдырды. Аспан асты еліндегі қазақ жігіті әншілер байқауында испан тілінде ән шырқап, миллиондаған тыңдарманды баурап алды.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

35 жастағы Берік Ысқақ халықаралық «Дауыс» атты байқауға отбасымен бірге барған. Әсерлі дауысымен ән салған қазақ жігітіне күллі көрермен орнынан тұрып қол соқты.

Берік Ықлас Қытай

Қазылар алқасы да талантқа таңырқай қарап, оны бірден келесі кезеңге өткізіп жіберді. Осылайша, бүкіл Қытайды баурап алған Берік Ысқақ небәрі санаулы минутта нағыз жұлдызға айналды.

Екі жыл бұрын осы байқауға Тасқын есімді қытайлық қазақ қатысып, «Дудар-ай» әнімен қазылар алқасын жылатқан еді.

Дереккөз: КТК арнасы

http://www.nur.kz/kk/857300-qytayda-qazaq-zhigiti-qazylar-alqasyn.html

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз