Қаржыгерлер теңге құнын жоғалтқан соң, халықты сабырға шақыруда

0
367

Ақтөбеде қаржы саласының қызметкерлері  тілшілермен кездесіп, халықты сабырға шақырып жатыр деп хабарлайды 31 арна.

астана обменник

Өйткені, теңге құнын жоғалтқалы,  халық депозиттегі ақшаларын жаппай шешіп ала бастаған. Екі күн бойы  долларды сатып алған халық,  кеше қымбаттағанын пайдаланып,  банкке жаппай қайтадан  сатқан.

Банктегі депозиттерін жаппай шешіп жатқан халықты сабырға шақырған қаржыгерлер   доллардың көтерілуі уақытша құбылыс дейді. Осы  аптаның ішінде доллардың бағамы тұрақтанады деген болжам жасап отыр.

Олар халыққа  депозитке жинақ ақшаларын үш түрлі валютамен – теңге, доллар және ресей рубльімен  сақтауға кеңес берді.  Мемлекеттік  бағдарламалар бойынша кейбір екінші деңгейлі банктер доллармен алынған несиені үш пайыз жылдық үстеме пайызбен қайта қаржыландырады екен.

Осы тақырып бойынша оқыңыздар:

Павлодарда үрейленген жұрт азық-түлікті қаптап сатып алып жатыр

Бір  Ақтөбе облысында ғана  халықтың 295 миллиард несие қарызы болса, соның қырық пайызы АҚШ долларымен төлейді.

“Басты мақсат қол астыңдағы азаматтардың жұмыс орнын сақтап, жалақысын қысқартпау”. Алматыдағы ұлттық-баспасөз клубында бас қосқан кәсіпкерлер осыны айрықша атады деп хабарлайды Астана арнасы.

Олар «Теңгенің еркін айырбас бағамы кәсіпкерлерге қалай әсер етті» деген мәселені талқылау үшін жиналған. Сөз алған кәсіпкерлер қаржы саясатындағы өзгеріске қарамастан, әріптестері мен халықты сабырлыққа шақырды.

Әрине, пайда табу да керек, дегенмен, ең бастысы – еңбеккерлердің жұмыс орнын сақтап, жалақысын қысқартпау, – деді бизнес өкілдері.

Кәсіпкерлер қай салада жұмыс істесе де, бұған дейін қалыптасқан бағаны ұстап қалуға тырысу керек екеніне тоқталды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз