Танымал спорт комментаторы Қазақ хандығының 550 жылдығын балағаттағаны үшін кешірім сұрады

0
373

Қазақстандық танымал спорт комментаторы Дмитрий Мостовой әлеуметтік желіде Қазақ хандығының 550 жылдығын балағаттағаны үшін халықтан кешірім сұрады.

Дмитрий Мостовой. Фото: Vesti.kz

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Танымал комментатор Дмитрий Мостовой Твиттердегі жазбасында Қазақ хандығының 550 жылдығын балағаттаған болатын. Комментатордың аталған жазбасы көпшіліктің ашуын туғызды.

Осыдан соң, дереу жазбасын өшіріп тастаған Мостовой халықтан кешірім сұрап, неліктен Қазақ хандығының 550 жылдығы туралы ауыр сөздер айтқанын түсіндірді.

Ескерту: Жазбада бейәдеп сөз қолданылған!

пост 2

«Бұл менің тарапымнан кеткен ақымақтық. Ашуланған кезде ойыма келгені осы болды. Мен таңертең аталған жазбаны дереу өшіріп тастадым. Негізі менің айтпағым бұл емес. Соңғы күндері болып жатқан еліміздегі ауыр экономикалық жағдайдан соң, той тойлатуды доғарсақ деген ой. Бұл ойымнан мен бас тартпаймын», – деп жазды Мостовой Facebook желісіндегі жеке парақшасында.

пост - 1

Осыдан соң, комментатор өз елінің тарихына бұлай тіл тигізгені үшін өкінетінін айтқан.

«Өзім кінәлімін. Мен өз Отанымды қатты жақсы көремін. Егер жақсы көрмесем, мен бұл жақта болмаушы едім. Мен аталған жазба үшін барылығынан кешірім сұраймын», – дейді Дмитрий Мостовой.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз