Нью-Йоркте қаңырап тұрған шіркеу мешітке айналды

0
649

Нью-Йорк штаты Сиракьюс қаласындағы ұзақ жылдар қаңырап тұрған шіркеуді жергілікті мұсылман қауымы сатып алды.

МЕШІТ

Маусым айының соңында ондағы 6 крест, оның ішінде бетонға бекітілген 4 крест алынып тасталды,- деп хабарлайды Ummet.kz.

Құлшылық үйіне ие болған мұсылмандар оның тарихи келбетін сақтауға мән берді. Мұсылмандар ғибадатхананың тек нақты христиандық белгілерін ғана алып тастап, мешітке Мәриям ұлы Иса атауын беруді жөн санаған.

Шіркеуді алған мұсылман орталығының директоры Жүсіп Соуле ғимараттың қайта өңдеу жұмыстарына 300 000 доллар қаражат жұмсалғанын жеткізді.

Сондай-ақ мұсылман қауымы бұл бастамаға әу баста қарсылық танытқан жергілікті христиандармен ортақ мәміле жасауға да біраз күш жұмсап, дінаралық қарым-қатынасты да ретке келтірген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз