Құқық қорғау органдары қателесіп, Петербор тұрғынының бүйрегін алып тастаған хирургтердің жұмысын тексеріп жатыр.
«Өткен жылы 2 қаңтарда Динамо даңғылында орналасқан № 31 қалалық клиникалық ауруханаға бүйрегіндегі тастарға шағымданған ер адам түсті. Ол тиісті рәсімдеуден өтіп, ауруханаға жатқан. Бірақ медицина қызметкерлері немқұрайлық танытып, дұрыс емдемеген», – дейді өңірлік тергеу комитетіндегілер.
Дәрігерлер қателесіп, оның оң жақтағы сау бүйрегін алып тастаған.
«Денсаулыққа ауыр зардап әкелген өмір мен денсаулық қауіпсіздігінің нормаларына сәйкес келмейтін қызмет көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
http://www.nur.kz/kk/862489-darigerler-qatelesip-reseyliktinh-sa.html