Солтүстік Корея оңтүстігіндегі бауырлас елге «соғыс ашамын» деп доқ көрсетіп жатыр

0
538

Солтүстік Корея оңтүстігіндегі бауырлас елге «соғыс ашамын» деп доқ көрсетіп жатыр. Сол себепті ресми Сеул «жоғары соғыс дайындығына» көшті.

КХДР

Екі ел арасындағы ахуал кешегі атыстан кейін ушықты. Өйткені оңтүстіккорейліктер Пхеньянға қарсы үгіт-насихат тарататын дауыс зорайтқыш құралдарды құрған болатын.

Содан соң солтүстік корейліктер шұғыл жиналыс өткізіп, Сеулге 48 сағаттың ішінде құрылғыны алып тастауды талап етті. Сонымен қатар Ким Чен Ын жартылай соғыс жағдайына көшкенін жария етті.

Осы тақырып бойынша оқыңыздар:

Ким Чен Ын әскеріне шабуылға дайын болуды бұйырды

Соған қарамастан оңтүстіккорейлік бауырлас ел үгіт-насихат жүргізуін доғармайтынын мәлімдеді. Сондықтан шекара бойындағы кенттердің халқы қауіпсіз аймаққа шұғыл түрде көшірілді.

Ортақ кәсіпорындарға келіп-кетіп жатқан жұмысшылар қатаң бақылауға алынды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз