Доллармен сатылатын тұрғын үйдің құны 20-30 пайызға арзандауы мүмкін

0
351

Теңгенің соңынан тұрғын үй бағасы да құлдырауы мүмкін. Сарапшылар «ұлттық валюта еркін айналымға ауысқандықтан, баспана арзандайды» деген болжам жасауда деп хабарлайды КТК арнасы.

7d29c0c6152ddb3f47f54cf2bb344bc7

Әсіресе доллармен сатылатын пәтерлердің құны кем дегенде 20-30 пайызға түседі екен. Өйткені, сатушылар баспананы бұған дейінгі бағамен өткізе алмайды. Яғни жұрттың сатып алу қабілеті күрт төмендейді екен.

Доллар шарықтаған күннен бастап жылжымайтын мүлік нарығында өлі тыныштық орнады, – дейді сарапшылар. Сатушылар қазір әліптің артын бағып отыр. АҚШ ақшасы шарықтау шегіне жетіп, тұрақтамайынша сауда-саттық бір қалыпқа түспейді.

Ал қарапайым жұрттың жағдайы бұдан да ауыр. Әсіресе үйді доллармен несиеге алғандар үшін қиын болмақ.Теңге құнсызданған соң тұтынушының сатып алу қабілеті де төмендейді. Сондықтан сатушылар баспананы бұған дейінгі бағамен өткізе алмайды да, амалсыз арзандатады.

Жылжымайтын мүлік, мейлі ол жер телімі болсын, жалпы баспана құны тек арзандайды

“Енді бұдан кейін үйдің бағасы қымбаттамайды. Жылжымайтын мүлік, мейлі ол жер телімі болсын, жалпы баспана құны тек арзандайды. Барлық салада жалақы, қызмет көрсету бағасы да түседі”, – дейді сарапшы Денис Кривошеев.

Өткен айдағы статистикаға сүйенсек, республика бойынша жаңадан салынған үйдің шаршы метрі орташа есеппен 222 мың теңге болыпты. Мамандардың айтуынша, енді баспана құны кем дегенде 20-30 пайызға арзандауы мүмкін.

“Өкінішке қарай, қалтасында ақшасы бар адамдар ұлттық валютаға сенбейді. Нарықта доллар тұрақты валюта болып саналады. Сондықтан үкіметтегілердің айтқаны бойынша жылжымайтын мүлік нарығындағы сауда-саттықты жаппай теңгеге ауыстыру мүмкін емес”, – дейді Қазақстан риэлторлар қауымдастығының вице-президенті Нина Лукьяненко.

Қазақстанға құрылыс материалының 25 пайызы шет елдерден келеді екен. Доллар қымбаттаған соң импорттық тауарлардың да бағасы көтеріледі де, құрылыстың өзіндік құны 7 пайызға өседі. Бірақ бұның пәтер бағасына қаншалықты әсер ететінін компания басшылары шешеді екен.

Осылайша сарапшылардың басым бөлігі теңгемен бірге тұрғын үй нарығы да құлдырайды деп шырылдап отыр. Тіпті доллардың шарықтауын қаржы ғана емес, жылжымайтын мүлік нарығы үшін де «қаралы күнге» теңегендер бар. Шынында да 20 тамыздан бері бұл саладағы тіршілік тоқтады. Құрылыс компаниялары күзге дейін күтпек.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз