Қазақтың ұлыларымен күніне 5000 қытай, 500 ұйғыр амандасып қайтады екен

0
641

Қазақтың ежелгі Шығыс -Оңтүстік шекарасы болған Іле өңірінің қазіргі қожасы- шығыстағы көршіміз Қытай мемлекеті болып отыр. Сол Іленің  басы Күнес деген ауданға қарасты Нарат деген ауылдан тәуелсіз еліме бір жола көшіп келген едім. Сәті түсіп, араға 10 жыл салып артта қалған бауыр- туыс пен туып өскен ауылды бір аралап қайтуға мүмкіндік туды. Осы жолғы көріп білгенімді өздеріңізбен бөліскенді жөн көрдім.

Қазақтың әйгілі адамдарының сарайы

Нарат қазіргі таңда Іле Қазақ облысың ең үлкен табыс көзі болып саналтын туризм орталығына айналып, бүкіл қытайдың іші- сыртынан туристер келеді екен. Сол келушілер Нараттың көркем табиғатын тамашалаумен бірге қазақтың әйгілі адамдарымен де танысып кетеді екен.  «Қазақтың әйгілі адамдары» деген сарайда: Абылай хан, Қабанбай батырларымыз бен би, шешендерімізден бастап, Қытай қазақтарынан шыққан ел ағалары мен 3 аймақ төңкерісінің көсемдерінің суреттері қойлып, өмірбаяндары  қазақ, ағылшын, қытай тілінде таныстырлған екен. Күніне Наратқа демалуға 5 мыңдай қытай, 500 ден аса ұйғыр ұлтының өкілі келеді. Міне осының бәрі қазақтың әйгілі адамдар сарайына кіріп шығады.

 

Ілені қалың малға алғандай

Тарихта Іле өңірі Үйсіндердің ата қонысы болғаны бәріңізге аян. Сол кездегі Қытайдың Хан патшалығы Үйсіндермен достық қарым қатынаста болып, Ғұндардан қорғану үшін Ши -жүн деген ханшасын Үйсіндерге ұзатқан болатын. Қытай үкіметі содан бері әлі күнге Ілені  Үйсіндердің мекені- қазақтың ата қонысы деп таниды. Енді Үйсіндерді өздеріне барынша жақындату үшін осы құдалықты дәріптеп, ханшасын Күнбиден жоғары қоятын сияқты. Күнестің Шақпы жайлауына шығар асудың бойында бір шағын бетке Ши -жүн ханшаның басының мүсінін тастан қатырыпты. Нараттың төріне бұл мүсіннің орнатылуы: «бұл жер осы ханшамыз үшін берілген»,- деп тұрғандай.

 «Қазақтың жерін алып жатырмыз»,- деп ұйғырларға ескерту жасап, қытайларға «бұл жердің иесі сендерсіңдер»,- деген емеурін танытатындай.

Нараттың теріске         йі мен Шақпы жайлауын тұтастай үкімет өз меншіктеріне алып, қоршап арнайы демалушылар үшін ғана есік ашып, жергілікті қазақты өз жеріне кіру үшін де тексереді екен. Ал демалысқа келген Оңтүстік Шинжияңның ұйғырларының әр азаматына 2000 юаннан үкімет қаржы шығарарып, Көңілдерін демалыспен аулып тыныш ұстап отырғандай. Ұйғыр ұлтының өкілерінің демалысын шығарып отырған үкімет ішкі Қытайдан ағылып жатқан қалың қытайдың ақшасын шығармайды деуге келмес. Олардың да қаржысын беріп болашақта сол жаққа орналасасыңдар деп жіберіп жатса керек. Осы кезден-ақ 150 мың қазақ тұратын Күнесте қазақтың үлес салмағы барынша азайған екен. Онсыз да қазақтың қолынан жартылай шықан жер тұтастай шығыуға таяп қалыпты.

Қазақ ауылы

Нараттың Ластай деген қыстағында кірпіштен қазақтың кигіз үйі формасында  садақ тәрізді орналасқан 100 үй салыныпты. Бүкіл Іленің әр жерінен келіп қоныстанған тұрғындар бұл үйлерді жаз бойы саяжай ретінде қолданып, түристерді тартады екен, Үйдің іші сырты қазақы ою өрнекетермен көмкерілген. Үйдің алыдында түйесін шөктіріп, бүркітін ұстап қазақ ақсақаллдары отыр. Дала мен қаланың ортақ мәдениетін ұштастыра білген бұл ауыл «Қазақ ауылы» деп аталады екен.

«Дүр Қамшы» әр қазақтың қолында

«Қамшы » порталының әнұраны болаған «Дүр Қамшы» әні ол жақтағы қазақтарға тарағаны соншама, әр қазақтың машинасы мен телефонын да әр 3 әннен кейін бір қайталанып қойылады екен.

Қазақ балалары «Қазақстан» деген жазу мен көк туымыздың суреті бар жейделерін киіп қой бағып жүр

Соңғы жылдары қазақ жастары «Қазақстан» деген жазу мен көк туымыздың суреті бар киімдерді көп киетін болған. Өкінішке орай осы жылдан бастап қытай үкіметі ондай киімдерді сату мен киюуге тыйым салып тастапты. Сонда да қазақ балалары алыс ауылдарда сол киімдерін әлі киіп жүр.

Мен оқыған мектеп жабылған

Біз оқыған кезде мал шаруашылғымен айналыстаын әр ауыл, қыстақтарда бастауыш, орта қазақ мектептер болатын. Қазір сол бастауыш мектептер жабылып, орта мектептер бастауышқа айналып, Ауыл орталықтарындағы және толық- орталау, аралас мектептерге айналыпты. Ауылдың бастауышында оқыған дала баласы болмаса, қала балалары аралас тілді балаларға айналыпты.

Атамекенге  асыққан қазақ көп

 

Ол жақтағы қазақтарды 3 топқа жатқызуға болатын сияқты. Біріншісі- орта дәулетті малшы, кәсіпкерлер. Бұл топтағы қазақтардың «көші қон туралы» заң қабылданар болса, ол жақта бір күн тұрғысы жоқ, тездетіп Атамекеніне жеткісі келеді. Әр екі қазақтың бірінің қолында Қазақстанға келуге арналған төлқұжаты бар. Екіншісі- мемлекеттік қызметкерлер. Бұл кісілердің өтуі қиындау болғандықтан алдымен бала шағасын өткізіп, оқытып, орналастырып артынан өздері келуді ойлап отыр екен. Бұл кісілердің басым бөлімі бала- шағасын бастауыш қабырғасынан бастап елге жіберіп, қазақ болып өсіп шығыуына ат салысып жатыр екен. Ендігі топ үшін үлкен алаңдаушылқпен келдім. Олар жағдайы нашар отбасылар. Олардың да жүрегінде Отанға барсам деген арман бар да, тұрмыстық дәрмен жоқ екен. Миллиярттың ішінде өмір сүрудің қиындауына байланысты мұндай отбасылардың күн көрісі жылдан жылға нашарлап бара жатқаны анық көрінеді. Бір амалын тауып, әр қазақ бір қазақтан осындай отбасыларының елге оралуына себепкер болмасақ, ертеңгі күні ол қазақтардан айырылуымыз мұнда тұрған аңгіме екен.

 

Тұрдыбек Құрметхан

«Қамшы» сілтейді

http://www.qamshy.kz/home/show/815

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз