Тәж-Махал сарайында ілініп тұрған салмағы 60 келілік люстра құлап кетті

0
487

Үндістанда Агра қаласындағы Тәж-Махал сарайының кіреберісінде ілініп тұрған салмағы 60 келілік люстраның құлап кетуіне байланысты іс қозғалды.

Фото: unian.net

Бұл оқиғаны көргендердің айтуынша, екі метрлік биіктікте ілінген люстра оны музей жұмысшылары тазартып жатқанда құлаған. Абырой болғанда, осында жүрген туристердің ешқайсысы да зардап шеккен жоқ.

«Бұл мыстан жасалған аспашам шынжырға ілініп тұрған болатын. Мен тергеу жұмыстарын жеке өзім жүргіземін», – дейді Үндістан археологиялық басқармасының аға археологы Буван Викрам Сингх.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

http://www.nur.kz/kk/863759-tazh-makhal-sarayynda-ilinip-turghan-sal.html

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз