Сарапшы: Мұнай дәуірінің дәурені бітуге таяу

0
445

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатына қатысқан Еуразиялық интеграция институтының экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов қазіргі кезеңде мұнай дәуірінің дәурені біте бастағандығын мәлімдеді.

нефть статистика

Айта кетейік, брифинг курс нарығының еркін дәлізге жіберілуінің экономикаға әсері мен даму болашағы тақырыбы аясында өрбіген болатын, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Егер жаһандық экономиканың әлеуеті мен адамзат өркениетінің даму жағдайына жіті назар аударсақ, бүгінгі таңда мұнай дәуірінің дәурені түгелісіп келе жатқанын оңай аңғаруға болады. Мысалы, қазірдің өзінде әлемнің бірқатар елдеріндегі двигательдер баламалы энергия көздерінен қуат алып, қозғалысқа ене бастады. Бұл күнде оның көрсеткіші 4-5 пайыз болғанымен, ол алдағы 10-15 жылдың ішінде 15-20 пайызға жететіндігі сөзсіз», – деді сарапшы.

Сарапшы пікіріне сүйенсек, баламалы энергия көздерінің бастауында ЭКСПО-ның қосар үлесі ұшан-теңіз көрінеді.

«Бір қызығы дүние жаңарғандай болмаса да, өркениеттер ауысуының алғашқы баспалдақтарының бірінде Қазақстанның көрінуі мені қуантады. Өйткені, 2017 жылы біздің елімізде өткізілетін Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің басты тақырыбы осы баламалы энергия көздеріне арналған. Міне, осы шарадан мен зор үміт күтемін», – деген В. Тельнов сөз соңын тас дауіріне қатысты мынадай қанатты сөздермен нақтылай түсті.

«Тас дәуірі тастың таусылуынан тәмамдалмағаны секілді, мұнай дәуірінің дәурені де аяқталуға жақын. Бұл табиғи заңдылық. Келесі бір өркениетке көшуде әлемде мұнай атаулының бәрі сарқылып, таусылуы шарт емес. Ендеше, біз осы өркениеттер ауысуына қамданып, соны меңгеруге күш салуымыз керек», – деді ол.

http://www.nur.kz/kk/863740-sarapshy-munay-dauirininh-daureni-bitu.html

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз