Театр басшысы бойжеткенді жұмысқа алу үшін саунаға шақырған

0
408

Шығыс Қазақстан облысында облыстық театр басшысы мен жас актриса арасында дау шықты.

театр

Бұл туралы yk-news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Театр басшысы мен жас бойжеткеннің хат алмасуы әлеуметтік желіге тез таралып, үлкен даудың басталуына себепкер болды.

Хатта белгілі болғандай, бойжеткен құрбыларын ертіп режиссермен бірге саунаға келуі тиіс болған. Ал режиссер осыдан соң олардың сахнаға шығу мүмкіндігі жоғары екендігін айтыпты.

57 жастағы Сахан Акелеевтің өскемендік бойжеткенмен жазысқан хаттары Вконтакте және Фейсбук желілерінде айтарлықтай шу туғызды.

Пікір қалдырушылардың басым бөлігі танымал актер әрі режиссердің бойжеткен интимдік кездесу жайын талқылауы мүмкін еместігін жазған.

семей

Бұл жайт туралы бойжеткен пікір білдіруден бас тартты. Ал театрдың көркемдік жетекшісі болса, мұның арандатушылық екенін айтқан.

Хатта ер адамның қыздар қызметі қаншаға бағалатынынын сұрағаны көрсетілген. Бойжеткен болса, оның театрға жұмысқа алудың жеткілікті екенін айтыпты. Кейін ер адам саунаның мекен жайын жазып, қыздардың келуін күтетінін айтқан.

«Мен бұл оқиғадан хабардармын. Өзім театр қызметкерлерін жинап, интернеттегі хаттар туралы айттым. Бәрі шошып қалды. Мен ол қызды танымаймын, тіпті, танысам да ешқайда шақырмаушы едім. Менің бес балам, бақытты отбасым бар. Кіші ұлым жақында 1 жасқа толды. Сондықтан мен әлеуметтік желілер мен сайтта жарияланған ақпарды жоққа шығарамын», – дейді Сахан Акелеев.

Директордың пікірінше, бұл оның атына кір келтіру үшін жасалған қадам.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз