Елімізде соңғы уақытта үшемдер дүниеге жиі келуде

0
436

Қазақстанда көпұрықтық жүктіліктің көбеюі нәтижесінде үшемдердің дүниеге келуі жиілген деп хабарлайды Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінің баспасөз кызметіне сілтеме жасап Today.kz.

1440417835cezxq-620x400

Хабарламада, 2009 жылдан бастап 2014 жылға дейін екі егіздер саны 2425 – тен 3111 жағдай, ал үшемдер саны 35 – тен 50 – ге жуық жағдай кездескен. Төртем жағдайлары 2010, 2011, 2014 жылдарда бір реттен кездесіп отырған.

2009 жылдан 2015 жылдың қаңтар – шілде айларына дейін 17534 екі егіз дүниеге келген, 275 – үшем, үш – төртем. 2014 жылы 2612 екі егіз, 50 – үшем, бір – төртем дүниеге келген. 2015 жылдың қаңтардан шілде айына дейін 1090 екі егіз, 21 – үшем дүниеге келген.

Айта кетейік, соңғы төртем Алматы қаласында дүниеге келді.

Ал әр жынысты егіздердің дүниеге келуі 2009 – 2014 жылдар арасында 25 – 30 жағдай кездескен.

Егіз балалардың дүниеге келуі бойынша көш бастаушы облыстар: Оңтүстік Қазақстан (363 жағдай), Алматы (335) және Алматы қаласы (289); үшемдер бойынша – Атырау (жеті), Алматы облысы және қала (алты), Астана (бес); төртем бойынша – Оңтүстік Қазақстан (бір).

Дереккөз: Today.kz
http://www.nur.kz/kk/865072-qazaqstanda-ushemder-duniege-zhii-kelu.html

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз