Пәкістанда ұрланған қытайлық велосипедші бір жылдан соң босатылды

0
361

3

АСТАНА. ҚазАқпарат – Пәкістанда өткен жылдың маусым айында елдің солтүстік батысында  Хайбер-Пахтунхва провинциясында тәлібтер ұрлаған қытайлық велосипедші босатылды.

Непал, Үндістан және Тибет аумақтарымен жүріп өткен Хун Сюйдун бір жылдан астам уақыттан бері содырлардың тұтқыны болған еді. Ол  өткен түнде Пәкістан ІІМ өкілдеріне тапсырылды.

Билік қытайлықты босату бойынша дайындық жұмыстары мен ақпаратты жинау шаралары жасалғанын растады. Алайда тұтқын қай жерде болғанын, қандай мақсатпен ұсталғанын және қандай талаптармен босатылғанын айтудан бас тартты.

http://www.inform.kz/kaz/article/2810425

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз