Мекке қаласында салынып жатқан көпқабатты ғимарат құрылысшылардың көз алдында опырылып құлады, деп хабарлайды BNews.kz.
Lifenews.ru таратқан ақпаратқа сәйкес, Мекке қаласында салынып жатқан көпқабатты ғимарат құрылысшылардың көз алдында опырылып құлаған. Үй шытырлап құламас бұрын, құрылысшылар үй ішіндегі шудан сезіктеніп, ғимаратты тастап кетіп қалады.
https://youtu.be/RxAlmEnJLrg
Олар бекерге қауіптенбеген болып шығады, біршама уақыт өткеннен кейін көпқабатты үй опырылып түседі. Абырой болғанда, зардап шеккен адамдар жоқ.