Алматыда алғашқы қоңырау

0
822

Білім күні мерекесінің мемлекет болашағындағы, ұлт болашағындағы маңызын білу, түсіну үшін алғашқы қоңырауға қатынасуыңыз керек сяқты. Мен бүгін Алматы қаласындағы «№176 мектеп-гимназиясында» өткен алғашқы қоңырауға баламды ертіп бардым.

DSC_0287
Оқу-ағарту ісі майталмандарының ақ тілегімен басталған мереке, қарттардың батасымен аяқталды. Бірінші сыныпқа барған бүлдіршіндер қолына гүл, шар алып мәз, олардың қуанған жүзіне қарап осы мерекенің маңызы мен мәнін терең түсінгендей болдым. Үстаздардың жұмысы қаншама ауыр, жауапты. Бір елдің болашағы, бір ұлттың болашағы тұр екен-ау қолдарында деген ойға келесің.

DSC_0300

Әнұран шырқалып, оң алақанымен жүрегінің тұсын басып, әнұранға ілесіп тұрған бұлдіршіндерді көргенде, болашаққа деген сеніміңізді көресіз. Көк туды желбіретіп алып жүргенде, желмен лапылдаған көк туға қарап көңіліңіз толқиды.

DSC_0304

 

 

Тарыдай болып сап түзеген бүлдіршіндерге қарап көңілі толып, марқайған ата-ана Мұқағали Мақатаев айтқандай «таудай» болып шығатынына сеніммен қарайды.

DSC_0324

 

 

 

Өздерінің мерекелерін кабинеттерінде отырып стакан соғыстырып тойламай, бұлдіршіндердің қуанышы мен күлкісіне арнаған ұстаздар қауымына мың рахмет.

Ерлан Көбен

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз