Қытайлық азамат 4-ші қабаттан құлаған бүлдіршінді швабрамен құтқарып қалды

0
360

Қытайдың Шаньдун провинциясында ер кісі төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен қыз баланы швабраның көмегімен ұстап тұрып, 20 минуттың ішінде құтқарып қалды.

қытайлық

Бұл туралы Британияның Sky News телеарнасы хабарлады деп жазады ras.kz.

Арнаның баяндауынша, Ван Баопин (Wang Baoping) есімді ер кісі көшеден өтіп бара жатып, кішкентай қыздың шыңғырған даусын естіп қалады. Ол сол бойда терезенің торына ілініп тұрған баланы көреді.

Осыдан кейін ол жүгіріп пәтерге кіреді. Сосын қолына швабра алып, үшінші қабаттың карнизіне шығады. Осы жерде  Ван арғы жағынан қыздың әке-шешесі келіп, пәтерге қарай қайта тартып алғанша ұстап тұрады.

Телеарнаның мәліметіне қарағанда, қыз осы оқиға кезінде қатты қорқып қалыпты, бірақ ешқандай зардап шекпепті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз