Танымал отандық тележүргізуші шетелге көшіп кетті

1
290

Танымал қазақстандық тележүргізуші Динара Егеубаева жаңа жұмысына байланысты шетелге кетіп қалды.

динара егеубаева

Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Тілшіге берген сұхбатында Динара ендігі Чехияда тұрып, сонда жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Тележүргізушіні жаңа ақпараттық “Настоящее время. Азия” жобасына шақырған. Жоба Radio Free Europe/Radio Liberty-дің қатысуымен іске асырылуда.

“Кетіп бара жатқанымның эмиграцияға еш қатысы жоқ. Прагада мен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін боламын. Қазір жоба дайындалып жатыр. Эфирге қыркүйекте шығады деп жоспарлануда”, – дейді Динара Егеубаева.

Отандық тележүргізуші Прагада Динара Аргин лақап атымен шығатын болады. Бұл есімді ол 2000 жылы ресейлік НТВ арнасында жұмыс істегенде алған.

Динара Егеубаева Алматыда 1969 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. 1999 жылы Познер атындағы мектепті бітіріп, кейін экономист мамандығын алады. Теледидар саласында 1991 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Отандық “Хабар”, “31 арна” және “КТК” арналарында жұмыс істеген. 2000 жылы оны ресейлік НТВ арнасы жаңалықтар бөлімінде жүргізуші болуға шақырады.

Динара Егеубаева ұзақ уақыт бой қазақстандық банктердің бірінің жарнамасына түсіп жүрді.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз