Жүлдеге таласқан қалыңдықтар 60 сағат бойы дүкен әйнегінде тұрды

1
289

Британиялық қос қалыңдық үйлену тойы салоны ұйымдастырған сайысқа қатысты. Олар 5 мың фунт үшін 60 сағатқа жуық уақыт тұрып, «тірі манекен» болды.

көйлек

Бұл туралы The Huffington Post хабарлайды.

Жалпы Британия жерінде үйлену тойын тойлауға 18 мың фунт шығындалады. Сол себепті аз да болса, тойда ақша үнемдемек болған қос қалыңдық барын салып бақты.

Сөйтіп, 32 жастағы Тара Эттис пен 27 жастағы Кейт Холдер бақ таласып, тұрыстары 60 сағатқа жуықтаған кезде Эттис қарсыласынан жеңілгенін мойындады.

Сайыстың шарты бойынша қатысушылар тек әрбір 4 сағат сайын ғана әжетханаға бара алды. Ал тамақты олар дүкен витринасында тұрып жеді.

Жарыс өтіп жатқанына 2 тәулік болар кезде ереже қатайтылып, қалыңдықтар күндіз бойы тапжылмастан таңғы 7:00-ден 23:00-ге дейін тұрып, тек кешкі асқа ғана үізіліс жасады.

Енді қомақты қаржыны ұтқан Холдер 5 мың фунтты келер қыста болатын үйлену тойына жұмсамақшы, деп жазады gazeta.ru.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз