Айдын Айымбетов аман-есен жерге қонды

0
433

Айдын Айымбетов аман-есен жерге оралды.

айымбетов total.kz

«Союз ТМА-16М» кемесінің түсірілетін капсуласымен жаңа ғарыштық рекордсмен Геннадий Падалка (Ресейғарыш), қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, сондай-ақ Данияның алғашқы астронавты Андреас Могенсен Қазақстанда есептелген аудан маңына қонды, деп хабарлдады РИА Новости агенттігіне Ұшыруды басқару орталығынан.

«Жерге қонды! Түсірілетін аппарат Қазақстан Республикасының Қарағанды облысында Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым жерде қонды», – деп атап өтті агенттік сұхбаттасушысы.

«Союздің» қонуын қамтамасыз ету жөніндегі  іздеу-құтқару қызметіне 200-ге жуық әскери қызметкер, бортында арнайы жабдықтары бар 14 Ми-8 тікұшақтары, төрт Ан-12 және Ан-26 ұшақтары және 15 бірлік техника, сондай-ақ төрт жол талғамайтын іздестіру-көшіру машиналары қатыстырылды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз