Бұл ежелгі Руна жазуы

1
786

Бұл ежелгі Руна жазуы

 

ХХ ғасырдың басында кеңестік би­лік тiл құ­рылысы деп аталатын саясат жүргiздi. Ондағы мақ­саты – одақ құрамына енген ұлт­тар мен ұлыс­тар­дың тiлiнің өмiрдiң сан-саласында емiн-еркiн жұмсалуына конституциялық ерiк беріп, iс жүзiнде қо­ғамдық-әлеуметтiк қолданыс аясын шектеп, мем­лекеттiк тiл – орыс тiлiнiң кө­лең­ке­сiнде қал­дыру. Ұлттық тiлдердi кешендi ғылыми зерттеу бағ­дар­ламасын коммунистiк идеологтар өз мүддесi тұр­ғысынан тың­ғы­лық­ты ойластырды. “Ұлттық тiл­дердiң мәдениетiн кө­терудi же­делдетемiз” дегендi же­леу етiп, шет ай­мақтағы рес­публикаларға орталықтан жол­да­мамен жiберiлген еуропалық нәсiлдi бi­лiк­тi ғалымдарға тапсырысты орын­дау жүк­телдi.
Мәселен, өзбек тiлiн Е. По­ли­­ва­нов, А. Бо­ров­ков, В. Ре­ше­тов, қыр­ғыз тiлiн К. Юдахин, И. Бат­­ма­нов, қара­қалпақ тiлiн С. Ма­лов, Н. Бас­­ка­ков сынды оқы­мыс­тылар саралап, та­биғи акус­тикалық-арти­куля­ция­лық заң­дылығын еуро­палық мето­до­ло­гия­л­ық модельге ба­ғын­ды­рып, бiр iзге түсi­рiл­ген дер­бес әлiпбиiн түзiп, сол бойынша ғы­лыми грам­мати­касын жаз­ды. Екi тiлдi сөздiк­терiн құ­рас­­тыр­ды. Түркi жұр­тының ға­сырлар бо­йы тұтынып келген бұрынғы араб графи­касы­ның орны­на ла­тын қар­пiмен жазу үлгiсiн күш­теп таң­уы – тарихи жа­­дын өшi­ру­мен қатар эт­никалық-туыс­тық тұ­­та­суына қарсы ой­лас­ты­рыл­ған мық­ты тосқауыл болды. Өйт­кенi, ке­ңес­тiк идео­­логтар араб әлiп­биi исла­мизм­ге, түр­кi тiл­де­рiнiң син­гар­мо­низм заңы пан­түр­кизмге специ­фи­калық тән құбылыс деп шо­шынды. Кейiн­гi ұрпақ ана тi­лiн “әлiп­педен” бастап әлгi жат жұрт­тық ға­лым­дар­дың ең­бек­терi ар­қылы бойына сiңiрiп, жазба тiлiн игер­дi. Бiздiң ба­ғымызға осы а­ума­лы-төкпелi дәуiрде Ахмет Байтұр­сын­ұлы, Ел­дес Омар­ұлы, Ха­лел Дос­мұха­мед­ұлы сияқты халқы­мыздың маң­дайалды пер­зент­­те­рiнiң ана тiлiн ғы­лыми жү­йеге тү­сiруге, саф та­за ерек­ше­лiгiнің сақ­та­л­уы­на қосқан үлесi ұшан-теңiз. Ор­та­лық­тың қақ­пай­лағанына көн­­бей басын бәй­геге тiк­кен алаш ар­дақ­ты­ла­ры­ның кейiн­гi тағ­дыры өк­тем сая­сат­тың құр­бан­дығына ша­лынып, ше­йiт болды. Сөй­тiп, қазақ тiлi­нiң та­биғатына жа­салған ғы­лы­ми сынақ­тар­дың зар­дабы жұқ­па­лы ау­рудай санаға та­мыр жай­­ғаны сонша, одан таяу ара­да құ­лан-таза арылу екiталай хал­ге жетті. Егер бұл бе­тi­мiзбен iл­герi кете бер­генде мұ­ның ар­­ты орны тол­­мастай үлкен қасi­ретке апа­рып ты­нарын ойлау­дың өзi жан түр­шiк­тi­редi.
Құдайға шүкiр, тәуелсiздiк со­нысымен қым­бат, соны­сы­мен қа­сиет­тi! Алайда, үш ға­сырға жуық өзгеге кiрiптар болған елдiң сан­а­­сының әп-сәтте са­уы­ғып кете қоюы оңай емес. Со­ның бiр айғағы – мер­зiмдi бас­­пасөз бетiнде қазақ жазуын латын гра­фи­ка­сына көшi­руге орай қоғамдық пiкiрдi қалып­тас­тыруға жан­таласқан күрес үр­дiсi. Оны ту қылып ұстану­шы­лар­дың қа­дау-қадау басты уә­жi – отар­шыл­дық идеоло­гия­ның егiп, сеп­кен дер­тiнен шұғыл айы­ғып, орыс тiлi­нiң ти­гiзер ық­па­­лынан қорғанып, әсе­рiнен құ­ты­лу, екiн­шiден, түркi тiлдес ұлт­­­тармен рухани тұ­тасу ар­қы­­лы күш бiрiк­тi­рiп, әлемдiк сая­сат­та ұпайын жiбер­меу. Бұл по­зи­ция елдi елiк­тiрiп әке­тетiн ағым болғанымен аста­рын­да бұққан гәп бар.
Түркi халықтарын бiр-бiрi­нен ыды­ра­тып, та­рыдай ша­шып жi­бе­руде жазу үлгi­сi­нiң үлкен рөлi бол­ғанын тарихи бастан ке­шiр­дiк. Ендi одан сабақ алатындай шеке­мiз­ге тиген жоқ па?! Бұған оқымыс­тыла­ры­мыз әзiр­­ге дәр­­мен­сiздiк танытып, ғы­лыми ши­кi­­лi­гiн аңғарт­ты. Егер бiз латын графикасын таң­дап, оған қай­тадан көшер бол­сақ, бұй­да­лан­­ған тайлақтай бәзбi­реу­дiң мүд­десi тұр­ғы­сынан дегенiне ерiп, ашса – ала­қанында, жұм­са – жұ­­ды­ры­ғында ұстауына көнетiн на­ғыз ғалам­дас­тыру­дың қақ­панына өз еркi­мiз­бен барып түсе­тi­нiмiз зия­лыла­ры­мыз­дың әзiр­­ге қаперiне кiр­мей отыр.
Демек, графикалық тiл – ұл­тымыздың тәуелсiздiгiн қор­­­­ғаудың стратегиялық бас­ты кри­териi. Бұ­ған жеңiл-желпi қа­рап, атүстi ше­­шiм жасауға әс­­те болмайды. Бұл күрмеуi қиын, өте нәзiк мәселе. Әсi­ре­се, ақ­парат ке­ңiс­тiгiндегi бiз­дiң үнi­мiз­­дiң әлсiздiгiн еск­ер­сек, он­сыз да бас­қа тiлдiк жүйедегi на­сихат пен уағыз­дың тәрбие iсiне ық­палы пәр­мендi қа­зiргi жағ­дайда бар­лық сала­да қазақтың төл­ту­малық қасиетiн топан су­дай бiрден жуып-шайып жiбе­редi. Сосын, “тоқал ешкi мұйiз сұ­раймын деп, құлағынан айры­лып­ты” дегеннiң керi келедi.
Зады, ауыздағы қызыл тiл­дi суы­­рып алып, орнына бас­қасын орнату қандай әбестiк болса, алфа­вит мәселесiн қоз­ғай беру де сон­дай сола­қай­лық. Ағыл­шындар мен орыс­тарда, арабтар мен жапон­дар­да жа­­зу таңба­сының кескiнiн ауыс­тыру туралы еш­­қашан мә­селе көте­рiлген емес, демек, қа­­зақ­тардың да бұ­ған ендi қай­тып ора­лып соқ­пай­тындай мәң­гiлiк таңдау жасауы шарт. Ен­деше, от пен судың ара­сынан шы­ға­тын жол қайсы?
Асылы, бізде мыңдаған жыл тұ­тын­­ған төлтума ежелгi ру­ни­калық хат мә­дениетi мен таң­ба­тану iлiмi бола тұ­ра, сан мәрте әлiп­­биiмiздi ауыс­тыруға сыртқы сая­си күш мәж­бүр еттi. Әл­бетте, бұл жағдайлар халық­тың қа­лып­­тасқан тарихи дүние­та­ны­мы мен қа­дым за­ман­нан қор­даланған бай тәжi­ри­­бе­сiнен қол үзiп, кен­желеп қалуына се­бепшi болды. Бұлайша тарихи естен тандырып, зерденi жек­сұрын­дықпен жойып жiберу – ха­лық­тың рухани өсiп, кемелденуiне жа­сал­­ған сұрқия опасыздық едi. Жалпы, өз еркi­мен жаңа алфавитке көшу мә­се­лесi туа бiт­кен әлiпбиi жоқтарға ға­на тән құбы­лыс.
Ұлттық тiлге, сол арқылы ой­лау жүйе­сi­не ықпал жасап тұра­тын құрал – жазу. Туыс­тас түрік тiлдерін бiрiк­тiретiн функ­ция­ны да сол жазу атқа­рады. Бұл ретте ежелгi түрік жа­зу өр­негi – қандас түрік ұлты мен ұлыс­та­­рының бә­рi­не бiрдей эталон. Сөздiң конст­рук­циялық құрылысы, сөзжа­сам пiшiндерi, сөз тудыру принцип­терi, үн­дестiк заңына не­гiзделген ем­лелiк-ереже қағидалары, өз­геге ұқсамайтын графикалық дизай­ны ба­йыр­ғы түрік­тердiң тарихи жыл санау­ға дейiн­гi дә­уiр­леген биiк өркениетiн ай­ғақ­тай­­ды. VIII ғасырдағы арабтың жой­­қын шап­қын­шылығынан ерiк­сiз тiрi­дей ажырап қал­ған ата-баба жаз­уын өз билiгiмiз өзiмiзге тиг­енде жал­тақ­­тамай, жатыр­қамай қайтадан ал­уы­мыз қаны­мыз құрамындағы ақпа­раттың оянуы мен рухани соны ты­ны­сы­мыз­ды ашып, патриоттық сезi­мiмiздi қоздырар, күллi түріктiң ай­ды­нын ас­қақтатып, басын бi­рiк­тiрер бақ болып қонар едi.
Сондай-ақ, ежелгi әлiпби нұс­қа­мызға көшуде кездесетiн сан алуан қиын­шы­лық­тарды меңгеру бары­сын­дағы мүмкiн­дiк мұ­қым иiсi төрүк жұртына тепе-тең бөлi­нуiмен әдi­леттi шешiм болары хақ. Бұл үшiн түрік тiл­­дес халық­тардың өкiл­де­рi қай алфа­виттi тұ­тынып отыр­са, сол жазу үлгi­сiн ежелгi тү­рік руникасына тiке­лей өтуге транс­фор­ма­ция жасауына әб­ден болады. Кәсiби ғалым­дар қауы­мы түр­кітану ғылымының iргетасы – ежел­гi руна жазуын иге­руге борыш­ты. Байыр­­ғы бә­дiз­делген бiтiгiн бәз­бiреу­дiң ау­зы­на шайнап салып бер­генi­нен, яки ғылыми транс­крип­ция­лауы­нан оқып, пiкiр сабақ­тау­ға дағ­дыланған оқымыстыларды түркі­та­ну­шы сана­тына қосу ақылға қонбайды. Бұл үй­дiң ең әуелi шатырын, сосын қабыр­ғасын тұр­­­ғызғандай айтар ауызға ұят, сорақы тiр­лiк.
Славян тiлдерiндегi “язык” сөзiн Олжас Сүлейменов ежелгi түркiнiң “iazyk – над­пись, пись­менный текст” ұғымынан шыға­ра­ды. Бұл бастапқы “iaz – пи­ши” түбiр сөзi­нен туған деген қоры­тынды жасайды (Язык пись­ма. Взгляд в доисторию – о проис­хож­­де­­нии письменности и язы­ка малого чело­ве­чества. Алматы-Рим, 1998 г., стр.312). Бiр­ақ бұл арадағы Олже­кеңнiң этимо­ло­гия­лық тал­дауы сәл басқаша. Шын­дығында, ежелгi тү­рік­­тер о баста “иаз” деп жа­зу­ға арналған ма­те­риалдың (саз, ағаш, көн, тас, металл) ке­дiр-бұдыр қыр­тысын қыр­нап өңдеу, яки бе­тiн жазу про­це­сiне тегiстеп ыңғайлау, әзiр­леу мағы­на­сында қолданған. Бұл “кедiр-бұ­дыр­ды иазу” ұғымы жазу ма­териа­лы­ның са­па­лық дам­уымен қатар жа­рыса жұм­салып, уа­қыт өте келе “пi­шу, бiтiк” (Руника жа­з­уы­ның гене­зисi немесе “Пiшiн” таблицасы – ежелгi құпия iлiм. “Ана тiлi” га­зетi, 2001, № 20) сөздерiнiң қыз­метiн атқаратын ауыспалы ма­ғы­наға иеленiп, сино­ним­дiк қатар түзедi.
Осыған орай, тiлiмiздег“жаз” лек­сика­лық бiр­лiгiнiң полесе­ман­тика­лық ерек­шелiгi қа­лыптасқан. VIII ғасыр­да басталған араб экс­пансиясы тiлiмiздiң сөздiк құра­мын өз­гер­тiп, “бiтiк” орнына “жаз+у” сы­ңары бел­сен­­дi жұм­салуына түрткi болды. Ар­на­­йы әде­биет­терде ежелгi түрік жазуы мен ес­керт­­кiштерiне қа­тысты “көне” анық­та­уы­шын қол­дану бұл­жы­мас ғылыми нормаға ай­налған. Мәселен, Астанадағы тәуел­сiз­дiгi­міз­дің 10 жылдығына ар­налған “Ба­йыр­ғы түр­кi өр­ке­ниетi: жазба ес­керт­кiштер” ат­ты ха­лық­аралық ғы­лыми-тео­риялық кон­фе­рен­ция­ның мате­риал­дары жарияланған 36,5 бас­па табақ кiтапты бастан-аяқ ақтарып шық­қанда онда “көне түркi жаз­басы”, “көне түр­кi руникасы”, “көне түркi сөздiгi”, “көне тарих”, “көне мә­де­ниет”, “көне ескерт­кiш­тер” де­ген сөз тiр­кестерi өрiп жүр.
«Көне» сөзiнiң мағынасы орыс тiлiндегi “ста­рый” де­геннiң қа­зақша ау­дармасы еке­нi аян. Яғ­ни, лексе­ма­ның но­ми­нативтi ма­ғы­­на­сы ескi деген­дi бiлдiредi. “Кө­не шапан” де­сек, ша­панның әб­ден тозығы жет­кен, ескi­лi­гiнен ақ­парат бередi. Демек, келтi­рiлген сөз тiр­кес­терiндегi құры­лым­дық “көне” сы­ңары семан­тика­лық реңкi, стильдiк қызметi жа­ғынан екi­ұдай терминдiк ұғым тудырады. Соны­мен қатар оқы­ған жанның сана-сезi­мiнде бiр­ден “бүгiнгi күн­нiң эсте­ти­ка­лық тал­ғамына жарам­сыз, ес­кiрген” деген түсi­нiк­тiң сәу­ле­ленiп тұ­ра қала­тыны даусыз. Ке­рiсiнше, бұл тер­мин­дiк ұғымның орыс­ша ба­ла­масы “древ­нетюркс­кий” деп мағы­налық сыр-сипаты дәлме-дәл толық ашылған. Мұ­нан шы­ға­тын логикалық түйiн, маман ға­лым­­дардың кезiнде жi­берген са­уат­с­ыз­ды­ғы­нан қалып­тас­қан жаң­­­сақ терминнiң маз­мұ­ны­на ма­ғы­на­сын сәйкестендiрiп, тiлi­мiз­дегi жұм­­салатын “ежелгi, бағзы неме­се ба­йыр­ғы” адек­ватты ба­ла­масын тұ­тынса, бiз­дiң де сор­лы емес, мә­де­ние­тiмiздiң қайнар бұла­ғы әрi­ден бас­тала­тынды­ғынан дерек бе­ретiн ақ­па­раттық қыры ашылар едi.
Түркі халықтарының ортақ игi­лiгi сана­ла­тын ежелгi руни­ка­лық қа­зынамыз бiр кез­дегi бөг­де ұлт өкiл­дерiнiң тәржi­ма­лауымен ғы­лыми айналымға түстi. Ал ол аудар­малар­ды түп­нұсқамен са­лыстырып оқи ала­тын, оның ғы­лыми сапасына баға беретiн ұл­ты­­мыз­дың ком­пе­тенттi маман ға­лымдары не­кен-саяқ, тiптi жоқ. Сон­дықтан, ескерт­кiш мәтiнiн тран­ск­рип­циялауда қыр­уар кем­шiлiк­тер мен ағаттық жiберiлген. Мы­салға жүгiнсек, “Бың йыллар түмен күнлiк бiтi­гiмiн белгүмiн анта йасы ташқа йа­ра­тыт­дым”, яғни “Мың жылдар [бойы жүр­гi­зiлген] түмен [сансыз] күн­дер­дiң жазу­ла­рын андағы жазық тасқа жараттырдым” (“Ежелгi түркi жаз­уы соғды жазуынан шық­ты” де­ген болжамның қа­телiгi ту­ралы. “Қа­зақ әдебие­тi” газетi, 2001, №20, 18 ма­мыр) деген сөй­лем­дегi бiз үшiн өте ма­ңыз­ды деректi ақпа­ратты түпнұсқа бойынша Тайжан До­санов қал­пына келтiрді. Оның Түрік ха­лық­тары­ның жазба дәстүрiнің ғұ­мыр жасын кем де­­генде екi мың жыл­ға [бәл­кiм, онан да көп бол­уы ық­тимал] ұзарт­қанды­ғы ғылыми ерлiкке пара-пар жа­ңа­лық.
Бiрақ арнайы ғылыми зерт­теу меке­ме­ле­рi мен жекелеген ға­лым­­дар тарапынан бұ­ған әзiрге назар ауда­рылған жоқ. Мiне, бұл түркі­тану ғылымына қосылған елеулi жа­ңалық­ты оқымыс­ты­лар­дың қо­ры­та ал­ма­уының өзi мем­ле­кеттiк дең­гейде ғы­лыми эли­тамыздың өре­сiздігiн көрсе­тетiн фак­тор. Ал ғы­лыми айналым­дағы әйгiлi С. Ма­ловтың аудармасы бо­йын­ша аталған сөйлем әдейi бұр­мала­нып, ақпа­рат­тық ма­ғы­насынан жұрдай боп, өңi мүлдем терiс айнал­ды­рылғаны анық­­та­лып отыр. Осы­лай­ша дерек­көз­дерiн сөйлетудегi шала-пұлалық атақ-даңқы жер жар­ған “түр­кi­та­ну­­шыларды” тарихи ақи­қаттан ауыт­қытты. Мұ­нан түйетiн қо­рытынды – ежелгi түрік жаз­ба ес­керт­кiштерiнiң түпнұсқаларын бiр ор­талыққа жи­нау текс­то­ло­гия­лық зерт­теу жұ­мы­сын жа­ңаша қайта жүргiзудi қажет ете­дi.
Латын графикасына көшудi жақ­­­таушы отан­дастарымыздың терең үңiлмейтiнi – кириллица, араб, ла­тын алфавиттерiнiң түп­кі тегi бiр, барып тiрелетiнi Фи­ни­­кий жазуы екендiгiн ескер­мей­дi. Ал ежелгi шумерлер мен түрік руни­касы ара­сында бай­ланыс барлығын еуро­центристiк көз­қарас терiске шы­ғаруға қан­ша әре­кет­тен­ге­нiмен бәрi­бiр ғылым жоққа шығар­май­ды. Де­мек, бағзы руникалық жазуының бiз­дiң өркениет тарихындағы орны­мызды айғақ­тайтын адам­зат қоға­мына қосқан құн­ды­лы­ғымыз ре­тiнде маңызы зор. Бiр­сы­пыра бiл­гiштер ежелгi руника жазуын тi­лi­мiзге лайықтағанмен бүгiнгi өмiрге iле­се алмайды деп соғады. Бұл да негiзсiз ай­тыла салған пiкiр. Бағзы иеро­г­лиф­тiк жаз­уын­­дағы жапондар мен қы­тайлар өзге­лер­ден артық бол­маса, кем емес.
Латын алфавитiне көшудi жақ­таушы бүгiнгi қазақ бiлiм­паз­дары­ның көбi

оны ком­пью­термен байла­ныстырады. Шын­ды­ғына келсек, дербес (пер­сональный) ком­пью­­тердi жетiл­дiрiп, қалың бұқараға арнап кон­вейерлi өндiрiске енгiзудің ота­ны Жапония, сондықтан, олар­дың ком­пью­терi өз иерог­лиф­терiне негiз­дел­ген. Егер жоға­ры­дағы дәйек­тi тiрек етiп, ұста­нар болса, жапон иеро­г­лифiн алу жөн едi ғой. Бiрақ басқа жұрттар, мәселен, ағыл­шындар, қытайлар, арабтар ком­пью­тер­дiң тiлi жа­пон графикасына не­гiз­делуi шарт деп бай­балам сал­ған жоқ қой. Бұлар­дың қай­сысы да өз тiлдерiне ком­пью­тердi икемдедi емес пе? Ғы­лы­ми-тех­никалық прог­ресс адам үшiн қыз­мет етедi ғой. Егер тiлдi ком­пью­тер­ге икемдеудi мақұл де­сек, күнi ертең одан да тиiмдi тех­нологиялық жасам­паз­дық жа­ңалықтың табыл­масына кiм ке­пiл?! Сонда алфа­витi­мiздi тағы да өз­гертуiмiз керек пе? Демек, жазу үлгiсiн ауыстыруды ком­пью­тер­мен байла­ныстыру­шы­лар­дың сүйенген дәлелi дәйексiз тұ­жырым. Бiз сая­си тә­уелсiздiк алған­мен рухани тәуел­сiз­дiгiмiзге әлi жете қойған жоқ­пыз. Бұл үшiн графи­калық тiлi­мiз­дiң сыртқы пiшiнi мен iшкi маз­мұны реформаланған ежелгi төл­ту­ма жазу үлгiсiмен ұш­тас­қанда ғана жан-жақ­ты өрлеуге тың сер­пi­лiс ту­ғы­зады.
Аманқос МЕКТЕПТЕГІ,
филология ғылымдарының кандидаты,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің доценті.

http://alashainasy.kz/culture/bul-ejelg-runa-jazuyi-73211/

1 Пікір

  1. Тарихта адам баласы көп жазу пайдаланған, оның бәрі мәдениет. Зерттеуді күтіп тұр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз