Сабақты таңғы сағат 8:00-ден ерте бастағандар жазаланады

2
329

© sc0015.kokshetau.akmoedu.kz

 

Мектепте сабақ 08:00-ден бұрын басталса, директорлар жауапқа тартылады. Бүгін қадағалау органдарының өкілдері осындай мәлімдеме жасады. Естеріңізге сала кетейік, таяуда елордадағы 17 білім ошағының жетекшілері таңғы сабақты 07:40-та бастауды ұсынған еді. «Бұған себеп мектепке барар жолдағы қарбалас сабақ барысына кері әсер етуде», – деді олар. Бірақ бұл ұсыныс білім беру ұйымдарының бірыңғай талаптарына сай келмейтін болып шықты. Осыған байланысты прокурорлар жергілікті әкімдіктерге ортақ міндет мінсіз атқарылу қажеттігін ескертті. Талап орындалмаған жағдайда, мектеп директорларына айыппұл салынуы мүмкін. Шолпан Көшенова, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі: – ҚР Үкіметі бекіткен қаулыға сәйкес сабақтар 08:00-ден бұрын басталмауы керек. Егер бұл талап орындалмаса, лицензия жарамдылығы тоқтатылады. Оған қоса мектеп директорларына 40 мың теңгедей айыппұл салынады. Бұл әкімшілік құқықбұзушылық болып есептеледі.
24.kz

http://alashainasy.kz/bil/sabaktyi-tangyi-sagat-800-den-erte-bastagandar-jazalanadyi-73234/

2 ПІКІРЛЕР

  1. Жазалау дұрыс емес, бірақ, мемлекет мына уақытта басталады деп заң шығарса, мектеп оны өзгерте алмайды ғой.

  2. Неге мектеп, неге окушылар зардап шегу керек акимшиликтердин жиборип отырган келенсиздиктеринен.Оданда жумвс уактысын 7-00ге койсын, окушылар 8-00 колайлы асиресе басауыщ сыныптарга.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз