Құранды қалай оқу керек?

1
256

© mazhab.kz

 

Бір бала Құранды бастан-аяқ жаттап, хафыздығын тәмамдайды. Таңға дейін Құранды қайталап, намаз оқығандықтан, ертесіне ұстазының алдына өңі бозарып барады. Ұстазы шәкіртінің бұл түрін көріп жанындағылардын не болғанын сұрайды. Олар: «Ұстаз, ол таңға дейін көз ілмей Құранды қайталайды, ертесінде сол күйінде сабаққа келді» – деп жауап береді. Ұстаз шәкіртін шақырып алып: «Құран о баста қалай түссе, солай оқылуы керек. Бүгіннен бастап сен Құранды қазірге дейін оқып келгеніңдей емес, оны оқығанда қасыңда мен тұрғандай сезін, ұстазыңа сабақ айтып жатқандай бол», – дейді.
Бала сол түні бас алмай Құран Кәрімді оқып, таңертең ұстазына келіп: «Ұстаз, бүгінгі түні Құранды тек жартысына дейін ғана оқи алмадым», – дейді. Ұстазы: «Енді сен оны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қасында тұрғандай оқы», – дейді. Сол түні шәкірті өз-өзіне: «Құран түскен адамзаттың асылы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қасындамын, дұрыс оқуым керек», – деп аса зейін қойып оқиды. Ертеңіне ұстазына Құранның төрттен бірін ғана оқи алғанын айтады. Ұстазы: «Сен енді Құранды Жәбірейіл періште Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жеткізіп тұрғанда оқығандай оқы», – деп тапсырады. Келесі күні шәкірті ұстазына келіп бұл жолы бір сүре ғана оқуға шамасы жеткенін айтады. Енді ұстазы: «Сен енді Құранды Алла тағаланың алдында тұрғандай оқы», – деп тапсырады. Ертеңіне шәкірті жылап тұрып: «Ұстаз, «әлхамдулиллахи раббил аламин» дедім. «Мәлики яумиддинге» дейін келдім. Бірақ «ииәкә набуду» дегенге тілім бармады. Өйткені, мұның мағынасы Саған ғана құлшылық жасаймын дегенге саяды. Алайда, байқасам менің құлдық ұрып кеткен нәрсем көп екен. Сол себепті Жаратушыға тек Саған ғана құлшылық жасаймын деуге «ииәкә набуду» дегеннен аса алмадым», – депті.
mazhab.kz

http://alashainasy.kz/din_islam/kurandyi-kalay-oku-kerek-73363/

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз