Серік Ахметовке қатысты сотта куәгерлер қарсы жауап берді

1
311

Серік Ахметовке қатысты сотта куәгерлер Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев пен қала әкімінің орынбасарына қарсы жауап берді деп хабарлайды 31 арна.

Жарты күн бойы сұралған күдіктінің екеуі де экс-шенеуніктің заңсыз тапсырмаларын орындап келгендерін айтты

Жобалық-сметалық құжаттарды орындайтын «СТК Конар» компаниясының басшысы Руслан Сыздықов Бауыржан Әбдішевтің тапсырмаларын 2011 жылдан бастап орындағанын айтады.

Мемлекеттік айыптаушылардың сұрақтарына жауап берген кәсіпкер экс-басшы  міндеттемелерді электронды пошта арқылы беріп тұрған дейді.

Бірақ сөзін дәлелдейтін хаттардың біреуі де қылмыстық істе болмай шықты. Ал сұралған екінші куәгер де транспорттық-логистикалық кешеннің құрылысына рұқсатнама қағазын басшылардың тапсырысымен жасап келгенін мәлімдеді.

“2012 жылы оныншы шілде күні менің кабинетіме сол кездегі қала әкімінің орынбасары болған Айбар Телғарин келді. Ол маған транспорттық-логистикалық кешеннің құрылысына өздеріне тиімді қорытынды жазып беруімді сұрады”, – дейді куәгер Ерғұлан Абеков.

1 Пікір

  1. Елдің қалай ойлайтынын мен білмеймін, бірақ, Серікке жала жабылған деп ойлаймын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз