Жасөспірім компьютерде ойнауға тыйым салған ата-анасын пышақтады

1
218

Жасөспірім компьютерде ойнауға тыйым салған ата-анасын пышақтады

 

Челябинск облысының Миасс қаласында 15 жастағы жеткіншек өз анасының өмірін қиды. Ал ұлының қолынан ауыр жараланған әкесі аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше, қанды қырғынға тұрмыс жанжалы себеп болған. Мектептен «екі» деген баға алып келген баласын ата-ана компьютерде ойнаудан тыяды. Бұған ашуланған жасөспірім пышаққа жармасып, оларға суық қару сермеген. Баланың анасы алған жарақатынан сол жерде жантәсілім етіп, отағасы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Мектепте үлгілі тәртібімен көзге түсіп келген оқушы артынша өзіне өзі қол жұмсамақ болған. Оқиға орнына жеткен полицейлер оны тұтқындады. Енді жасөспірімге қарсы «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды lenta.ru. Дайындаған: Г.Абилова

http://alashainasy.kz/sha/jasosprm-kompyuterde-oynauga-tyiyyim-salgan-ata-anasyin-pyishaktadyi-74045/

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз