Төсек жамылғысымен жерге түспекші болған студент құлап, көз жұмды

1
266

Семейде 19 жастағы студент жатақхананың 3-қабатындағы терезесінен құлап мерт болды. Бұл туралы қалалық Ішкі істер басқармасы хабарлап отыр.

1156

Өткен аптада 102 желісі арқылы жедел жәрдем ауруханасының жарақат бөлімінде жатқан жас жігіттің қайтыс болғаны туралы хабар түскен. Дәрігерлер оның 10 күн бұрын ауыр жарақаттармен түскенін айтқан.

Қаладағы колледждердің бірінің 3-курс студенті түн ортасында 3-қабаттан төсек жамылғысымен төмен түспекші болып құлап кеткені анықталды. Бұл туралы жатақхананың коменданты айтып берген.

Ішкі тәртіп бойынша түнгі уақытта жатақханадан шығуға тыйым салынатыны да белгілі болды. Қазір полицейлер Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жалғасуда

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз