Тоқтаусыз салмақ жоғалтқан бүлдіршін квота берілгеннен бір күн өткеннен кейін көз жұмды

0
384

Қызылорда облысында кішкентай қыз бала Алматыдағы медорталықта емделуге квота берілгеннен кейін бір күн өткенде қайтыс болды. Аймақтық мамандар тоқтаусыз салмақ жоғалтқан бүлдіршіннің немен сырқаттанғанын сол беті анықтай алмаған.

арай1

Бұл туралы «Караванға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

25 қыркүйекте Арай анасымен Алматыдағы Балалар педиатриясы және хирургиясы орталығына барды. Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызып, өкпесін желдететін аппаратқа қосты. Қыз бала өте ауыр халде болған. Тыныс және ақуызды-энергетикалық жетіспеушілік пен қатты әлсіреу белгілері байқалған.

Орталық директоры Риза Боранбаева Қызылорда облысынан квотаға өтініш тек 8 қыркүйекте келіп түскенін айтуда.

арай

Дәрігердің сөзіне сенсек, Арай 2014 жылдың қарашасынан бері тұрақты түрде ем қабылдап келгеніне қарамастан, оның гемоглобины төмендей берген. Ал нақты диагноз сол беті қойылмаған.

Алматылық дәрігерлер Арайдан ауыр өкпе қабынуын анықтаған. Алайда амбулаторлық картасында бұл туралы ештеңе жазылмаған.

Боранбаева диагноз қоюға 3-5 күн, ал кей жағдайларда бір ай берілетінін алға тартты. Алайда қыз балаға 9 ай бойы диганоздың қойылмау себебі әлі анықталмады. Дәрігерлер қыз балаға қандай ем жазғаны және анасы қызына қаншалықты көңіл бөлгені де анықталуы тиіс.

цуа54нпв63а54н54

Директор туыстарына қыз баланың мәйітін тексеруді ұсынған. Алайда олар тексерістен бас тартты.

Алматыдағы орталықтың медицина қызметкерлері квота алуға өтініш жіберген аймақтық әріптестері аздаған қателіктер жібергенін мойындап отыр. Олар жағдайды түсіндіріп, хабарласса жұмыс тезірек жүретін еді деп санайды ақ халаттылар.

Қызылорда облысының бас педиатры Айна Мұхамбетова қойылған диагнозды сұраған тілшілерге қолы тимейтінін айтып, жауап беруден бас тартты. Ол сауалдарға тек ресми жазбаша өтініш жазылған жағдайда ғана жауап беретінін алға тартты.

Еске салсақ, тамыздың аяғында Қызылорда облысы Қазалы ауылындағы 4 жасар Арай Көбейсіннің апайы балаға жедел түрде алматылық дәрігерлердің көмегі қажет екенін жазған болатын.

Жергілікті дәрігерлер 9 ай бойы бүлдіршінге нақты диагноз қоя алмаған. Бала салмақ жоғалтып, гемоглобині қауіпті деңгейге дейін түскен. Ал табысы төмен отбасы педиатрия орталығында квота ала алмай жүрген. Ата-анасы қаражаттың жоқтығынан қызын білікті мамандарға тексерте алмаған.

Дәрігерлер БАҚ-қа хабар бергеннен кейін ғана квотаны рәсімдеп берген. Бірақ өкінішке қарай қыз баланы құтқарып үлгермеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз