Жас әрі табысты қазақ арулары

1
230

Ең үздік университеттерде білім алып, ғылыми жаңалықтар ашатын, оқулықтар мен пайдалы жобалар ұсынатын көркіне ақылы сай арулар елімізде баршылық.

айгерим istory.kz

NUR.KZ порталы look.tm-ға сілтеме жасай отырып Қазақстанның беткеұстар үлгілі 8 аруын назарларыңызға ұсынады.

Бұған дейін Қазақстанның жас әрі табысты қазақ жігіттерін тізбектеген болатынбыз. Алайда нәзік жандылардың да ер азаматтарымыздан қалыс қалмайтынына көз жеткізуге болады.

Жасы 30-ға жетпесе де, ғылым мен бағдарламалауда мақтан тұтарлық жетістіктерге жеткен арулар IQ деңгейімен әлемді мойындатқан.

Дәмел Мектепбаева, 27 жаста

дамель2 dixinews.kz

Дәмел соз ауруларына диганоз жасайтын HOOPE сақинасын ойлап тапқан. Ол бұл жобасымен NASA байқауында грантқа ие болды. Ол Индиана университетінің (АҚШ) биотехнология департаментін бітірген үздік түлектердің бірі.

Эколь Супериор университетінің (Франция) биотехнология саласында магистр деңгейін алған. АҚШ, Франция, Чили, Перу, Оңтүстік Кореяның халықаралық сайыстарының жеңімпазы. Силикон алқабында Onai стартабының негізін қалап, “2014 жыл патриоты” атағын иеленді.

Дамель bmtv.kz

Бүгінде Дәмел Назарабаев университетіндегі National Laboratory Astana жасушалық технология зертханасында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Оның басшылығымен бірталай зерттеу жобалары жүзеге асырылуда.

Юлия Сафарова, 25 жаста

Юлия сафарова3

Жаңа Зеландияның Окленд университетінде биомедицина ғылымы саласының бакалаврын тәмәмдаған. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттің биология магистрі.

Назарбаев университетіндегі биомедициналық инженерия саласында PhD дәрежесін алуда. Аталмыш университеттегі National Laboratory Astana биоинженерия және регенеративті медицина зертханасында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.

Жас ғалымның жұмысы in vivo зерттеулерін зертхана жануарларына сынаумен, бағаналық жасушаны өндіріп, қопсытумен және сүйек тіні мен оның патологиясын зерттеумен байланысты.

Юлия Ғылым және білім министрлігінің “Ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін” құрметті грамотасымен марапатталған.

Айгерім Қоржұмбаева

айгерим istory.kz2

Стэнфорд университетінің бакалаврын, Гарвар университетінің магистрін (АҚШ) тәмәмдаған. Білім беру саласында технология мен инновацияны зерттеген.

айгерим istory.kz

Қазақ-британ техникалық университетінде және Оксфордта (Ұлыбритания) студенттер алмасу бағдарламасы бойынша білім алды. Массачусетс технологиялық университетінің зертханаларында жобалар бойынша жұмыс істеді. Қазақ, орыс, түрік, ағылшын, араб, португал тілдерін меңгерген.

айгерим istory.kz3

Айгерім Қазақстанның білім беру жүйесіне өз үлесін қосуды армандайды. Отанына оралған бойжеткен Ғабит Бекахметовпен бірлесе отырып, “Сыни ойлау негіздері” (Основы критического мышления) атты оқулығын жариялады. Educator.kz білім беру жобасының жұмыстарын қолға алған.

Дидара Пернебаева, 19 жаста

диара пернебаева 4

Назарбаев университетінің “экономика” саласында 2 курс студенті. Nottingham University оқу орнында халықаралық бизнес-менеджмент мамандығын алып, танымал Kelin ұялы байланыс қосымшасын ойлап шығарды.

дидара istartup.kz

Kelin – барлық келіндерге кеңестерімен қолғабыс болатын қосымша. Бүгінде оны 117 000 мыңнан астам адам жүктеген. Онда келін деңгейін анықтауға арналған тест, болашақ және қазіргі келіндердің құпия форумы (айына 56 000 мыңнан астам құпиялар жарияланады), қазақ тағамдарын әзірлеу рецептілері, қазақ қоғамында туыстық қатынастардың атауы сияқты ақпараттар легін таба аласыз.

Kelin 2015 жылдың маусымында қосылып, Қазақстанда AppStore арқылы тегін таратылатын қосымшалардың көшін бастады. Бүгінде ол Android-қа да қолжетімді болды.

Дина Мұқашева, 29 жаста

Ұлыбританияның University of Nottingham оқу орнында ақпараттық технологиялар саласын меңгерді. Балаларға арналған Love To Code бағдарламалау курстарының негізін қалаушы.

Динаға курстар ашу ойын құрбысы салған. Ол Америкадағы балалар Apple Store-да өз ойындарын жүктеп, табыс көзін тауып отырғанын айтқан. Дина содан кейін балаларға түрлі ойындар ойлап тауып, қосымшалар шығаруды қолға алды. Балаларға арналған Scratch бағдарламалау жүйесін үйретіп, курстар жүргізуге кірісті.

Алена Ткаченко, 26 жаста

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлегі Алена математика, ағылшын және өзге де пәндерді Үндістанның оқушыларына жүргізген. Procter&Gamble-де жұмыс істеп жүргенді, Google және Yandex-пен digital&eCommerce-стартегиясын жүзеге асырған. Мәскеудегі Британ жоғары дизайн мектебінде дәрістер береді.

алена ткаченко6

Балаларға арналған Love To Code бағдарламалау курстарының негізін қалаушылардың бірі.

Ақерке Балғабекова, 27 жаста

University of Waterloo оқу орнының ақпараттық технологиялар факультетін бітірген.

Балаларға арналған Love To Code бағдарламалау курстарының негізін қалаушылардың бірі.

акерке7

2014 жылда Алматыда Америка мен Еуропаның тәжірибесін негізге ала отырып, балаларға арналған курстар жүргізу бастамасын қолға алған. Аленой Ткаченко, Дина Мұқашева және Елдос Балғабековпен бірге Love to Code курстарын дамытумен айналысады.

Ольга Хван, 22 жаста

ольга8

Қазақ-британ техникалық университетін “Автоматтандыру және басқару” мамандығы бойынша бітірді. Hack day 2015 іс-шарасы барысында Samsung гран-приін ұтып алған. Startup tour Kazakhstan-2015 (балаларға арналған инновациялар), TOP 100 Echelon Asian Summit (Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы TOP100 жоба) байқауларының жеңімпазы. Ұялы байланыс қосымшаларының дизайнын құрып, Intellection білім беру орталығында iOS базасымен бағдарламалар құрастырады.

Ольга istartup.kz

Ұялы байланыс қосымшасы мен ақылды роботты пайдалану арқылы балаларды оқытуға көмек беретін Beautiful Mind жобасының негізін қалаушы. Қазір Kitapp ұялы байланыс қосымшасын құрумен айналысуда. Аталмыш қосымша пайдаланылған кітаптар мен оқулықтарды сату мен сатып алу қызметін көрсетеді. Kitapp-ты құру ұялы телефонда букинист жасау ойымен қолға алынған. Пайдаланушы кітапты фотоға түсіріп, ол туралы басты ақапартты енгізеді. Сосын ортақ кітапханаға қойып, барлық пайдаланушылардың қарауына мүмкіндік жасайды.

1 Пікір

  1. Жаман емес, керемет нәтижелер. Тіпті, адам қызғанарлық. Құтты болсын!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз