Бұзақыны құрықтамақ болған полицей таяқтың астында қалды

1
262

Шымкентте полицей соққыға жығылып, емханадан бір-ақ шықты. Дәрігерлер науқастың жағдайына қатысты қандай да бір мәлімдеме жасаудан бас тартты.

полиция казахстана1

Бұл туралы tvk-uko.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Полицей Тельман бөлімшесіне қарасты тұрғын үйлердің бірінде соққыға жығылған. Ресми емес мәліметтерге сәйкес,  учаскелік иснпектор тұрғындардың бірін күштеп бөлімшеге әкетпек болған. Қарсылық танытқан азамат пен полицейдің арасында жанжал туындап, төбелеске тұрғынның інісі мен әкесі араласқан.

“Ұлымды күштеп әкетпек болды. Жанжалға кіші ұлым мен жолдасым араласты. Біраз уақыттан кейін форма киген адамдар келді. Арнайы жасақ қызметкерлері болуы керек. Үйге баса көктеп кіріп, балаларымды ұрып-соқты. Кейін бір жаққа алып кетті”, – дейді полицейді соққыға жыққан жігіттің анасы.

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері болса, болған жайттың егжей-тегжейі жақын арада анықталатынын алға тартты.

1 Пікір

  1. Осындай, жай-жапсары белгісіз жаңалық, елді толғандырып, қате түсінік қалыптастырады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз