Мемқызметкерлердің орнына қылмыстық топ тест тапсырып келген

1
239

Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасуға тестілеуден өту қызметін көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігінің баспасөз қызметі.

тест

“Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігі мемлекеттік қызметке тұру үшін азаматтарды тестілеуден өткізіп берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады. Агенттіктің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ қолдан жасалған куәлік пен кандидат туралы ақпараттар арқылы тест тапсырған”, — делінген хабарламада.

Осылайша, Талдықорған мен Алматыда мемлекеттік қызметке тұру үшін тапсырылатын тесттен заңсыз өту кезінде бірнеше адам ұсталды. Олардың қолында жалған куәлік пен тестілеуден өткендігі туралы сертификаттар болды.

“14 адамнан тұратын тотың Қазақстанның қалаларында тестілеуден өткені белгілі болды. Өз қызметтері үшін олар 4-5 мың АҚШ долларын алған”, — делінген хабарламада.

Ұйымдасқан топ 2014 жылдың тамызынан 2015 жылдың қыркүйегіне дейін заңды білетіндігі туралы тест тапсырып, 120 сертификат алған. Қазір сертификат иелері мемлекеттік қызметте жүр.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз