Академияда оқытушылар студенттерді бопсалаған

0
342

Оқу орнында бір аралық бақылаудың құны 10 000 – 15 000 теңгеге бағаланған. Көмек сұрап, NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының студенттері өздерінің аты-жөндері мен бет-әлпеттерін көрсетпеуді өтінді. Олардың сөзінше заңсыз ақша жинау былтырғы оқу жылының екінші маусымынан басталған.

^0EDD65811C45334FB86C82E12791E1CF23B85C82A2B9A2A672^pimgpsh_fullsize_distr

^FA1B4AE9485E725DBBEAE44A4EE7FE2572ABDB4BDCF504C667^pimgpsh_fullsize_distr

Студент: «Алғашында 2000 теңгеден алды. Сосын 3000. Енді міне 50 балл үшін 5000 теңге сұрайды. Ал, 1 сессияны жабу тіпті қымбат. Себебі, әрбір сессияда 2 аралық бақылау бар. Соның әр қайсысын жабу кем дегенде 5000 теңге. Бұған 3 деген баға аласың. Ал, 4-5 алу үшін 10000-15 000 теңге төлеу қажет. Оған сессияны қосыңыз сонда бір сабақтың өзі 60 мың теңгеге жетеді».

– Студенттер өз білімімен неге сынақ тапсырмайды?

– Үш мұғалім бар. Өзара келісіп алған ба білмейміз. Сабақты слайдпен түсіндіреді. Ал, сұрақ қойсаң оны өзің тауып ал немесе 1 курста өткенбіз деп жауап бермейді. Ал, бақылауға мүлдем біз өтпеген сұрақтар келеді. Бір топта 30 шақты студент болса соның бірі бақылаудан өз білімімен тапсыра алмайды. Мүмкін емес.

– Академия қызметкерлері ақшаны қалай сұрайды сіздерден?

– Біз 4 курс студенттері және топ жетекшісі барлығымыз ұялы телефондағы WhatsApp-та чатта отырамыз. Сол жерге жетекші ашық жазады. Сенбесеңіз мынау сол ұстаздардың жазған хаты. Жетекші – мұғалімдер мен студенттердің арасындағы делдал. Солармен келісіп бізге келіп, мынаншадан жинайсыңдар. Оған осындай балл мен баға аласыңдар деп түсіндіреді. Тіпті, пән иелері сабақ барысында бізге ашық айтады. Маған жыртыңдап бір-бірден келмеңдер. Топталып 5-6 студенттен тапсырасыңдар. Ол 35 000 теңге деп. Бұлай болмайды ғой.

^824C37B5F35E020A75CE0443779AC148718A8B39B165EC59A0^pimgpsh_fullsize_distr

 

– Заңсыз ақша жинайтын ұстаздардың іс-әрекетін неге академия басшылығына айтпадыңыздар?

– Біз тікелей ректоратқа шағым түсіре алмаймыз. Себебі, 4 курсты тәмәмдап қолымызға диплом алу керекпіз. Ал, біздің арызданғанымызды естісе мұғалімдер тарапынан қуғынға ұшыраймыз. Тіпті оқудан шығарып жіберуі де ғажап емес.

Студенттердің шағымы мен жазба хаттарын NUR.KZ тілшілері көрсеткеннен кейін М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының әкімшілігі ішкі тексеріс жүргізіп, расында да 4 курс студенттерінен ақша жинаған 3 мұғалімді анықтаған. Алайда, білімді саудаға салған мұғалімдер кінәларын мойындамай отыр. Осыған орай 25 мың теңге жинап берген 5 студенттің атынан Алмалы аудандық прокуратурасына жемқорлық тақырыбында арыз түсірілді дейді білім ошағының тәрбие ісі жөніндегі проректоры Гүлнәра Мерзадинова.

«Бұл ұстаздар бізде бұрыннан жұмыс жасайды. Бұрын-соңды оларға ешкім шағымданбаған. Мына жағдайдан соң ол кісілерді 4 –курстарға сабақ беруден аластаттық. Бірақ, басқа шәкірттерге дәріс оқи береді. Енді арызды прокурорлар қарайды. Егер олардың ісі заңсыз болып табылса, мұғалімдерді жұмыстан шығарамыз», – деген түсініктеме берді проректор.

Тағы бір айта кетері, аты дардай академиядағы жемқор ұстаздар мұнымен шектелмейді: соңғы 2 жылда 7 оқытушы шәкірттерінен заңсыз ақша алып, ақылы сынақ өткізгені үшін қуылыпты. Тіпті, «доцент» деген атағы бар ғылыми қызметкер тәлімгеріне диплом жұмысын 100 мың теңгеге сатып, пайда табам деп, қазір үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Естеріңізге сала кетсек, 26 қазан күні Білім және ғылым министрлігі мен жоғары оқу орындарының басшылары біріге отырып декларация қабылданған болатын. Онда жоғары оқу орындарында жемқорлық ісі дәлелденсе, ректорлармен хош айтысамыз делінген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз