Бақыт Сәрсекбаев бұрынғы әйелімен арадағы дауға қатысты түсініктеме берді

1
425

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев әйелімен арасындағы пәтер дауына байланысты түсініктеме берді.

сарсекбаев бахыт

Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Боксшы шын мәнінде әйелімен мүлікті бөліп алу туралы шағым түсіргенін жазады. Алайда, ол тек көлік үшін шағым түсірген екен.

«Мен оған Астанадағы бір бөлмелі екі пәтерді бердім. Ол біреуінде тұрады, екіншісін жалға беріп отыр. Мен өз үлесімнен бас тарттым. Екі пәтер де 80 шаршы метр. Мен оған өз үлесімді қосып бердім», – деп түсіндірді Сәрсекбаев.

Сонымен қатар, спортшы ай сайын бұрынғы жұбайына балаларын асырау үшін ақша жіберіп тұратынын айтты.

«Мен оған ай сайын балалар үшін ақша беремін. Менде тіпті түбіртектер де бар. Оны көрсете аламын. Ол шындықты айтып отырған жоқ. Мен өз балаларыма ақша төлемесем, олар қалай өмір сүреді? Ай сайын мен 200 мың теңге төлеп тұрамын», – дейді боксшы.

Сәрсекбаевтың айтуынша, ажырасқан соң бұрынғы әйелі өзгерген.

«Ол менің балалармен араласуыма кедергі келтіреді. Балаларыммен сөйлестірмегені үшін біз сотқа арыз бердік», – дейді Бақыт Сәрсекбаев.

Бүгінде боксшы Астанада тұрып жатыр.  Еске сала кетейік, Бақыт Сәрсекбаевтың әйелі боксшының пәтерге таласып жүргенін айтқан болатын.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз