Шенеуніктер елімізде футболға бөлінетін қаражатты қысқартуды ұсынды

2
217

Қазақстанда командалық спорт түрлерінің, әсіресе футболдың бюджеттік қаржыландырылуы қысқаруы мүмкін.

Ерлан Қожағапанов, ҚФФ президенті. Фото: today.kz

Бұл туралы  Today.kz Мәдениет және спор министрлігін комитет төрағасының орынбасары Асқар Есімовке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

“Аймақтардың жалпы спорттық бюджеті 67,8 миллиард теңгені құрады, бірақ мұнда командалық спорт түрлеріне үлкен қаржы қиылған. Сонымен бірге, өзге спорт түрлерінің мүддесі есептелмеген. Футболды дамытуға биыл 16 миллиард теңге бөлінген, бұл барлық облысты қаржыландырудың 24 пайызын құрайды”, – деді Асқар Есімов Астанадағы республикалық футбол форум-кеңесінде.

Оның айтуынша, бұл мәселені шешу үшін спортты түзету жүйесі енгізіледі. Қаржыландыруды үш категорияға бөлу ұсынылды: олимпиадалық түрлер, командалық түрлер және қалғандары.

Асқар Есімов. Фото: today.kz

Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов айтып өткендей, заңнама бойынша спорттық бюджетті құру кезінде қаржының 50 пайызын командалық емес, олимпиадалық спорт түрлеріне бағыттауы міндетті болады. Яғни, күрес, бокс, таэквондо, ауыр атлетика, каратэ және басқалары.

“Спорт комитетінің бюджеті 2016 жылғы бюджеті 32 миллиард теңгені құрады. Маңызды бөлігі нысандарды салуға бағытталды. Алайда, келесі жылы қысқартуға байланысты бюджет 29 миллиард болады”, – деп аяқтады Есімов.

Дереккөз: Today.kz

http://www.nur.kz/kk/963999-sheneunikter-elimizde-futbolgha-bolin.html

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз