Қазақстанның ең ішкіш тұрғындары қай аймақта тұратыны анықталды

2
225

Қазақстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі “ішкілікке салыну” диагнозымен тіркеуге алынған тұрғындарды санап шықты. Нәтижесінде еліміздің ең ішкілікке салынған өңірі Шығыс Қазақстан облысы екені анықталды.

Алкоголизм

Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Шығыс Қазақстан үлкен айырмашылықпен алдыңғы шепке жайғасты. Бірінші орыннан табылған бұл өңірде 100 000 адамның 1765-і ішімдікке тәуелді болып шыққан.

Екінші орынды Павлодар облысы иеленген. Ал үштікті Ақмола облысы тұйықтап отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, маскүнемдікке салынғандардың орташа жасы – 35-39 жас.

Ал мас тұрғындарға ең кедей өңір Маңғыстау облысы болып шықты. Онда 100 мың адамның тек 324-і ғана ішімдікке тәуелді.

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз