Ішімдік ішкен екі əкім жұмыстан қуылды

1
206

Ақтөбеде ішімдік ішіп, тұрғындарды балағаттап жүрген əкімдер орынтақтарын босатты. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік қамшысы Шұбаршидағы шуды баса алмай отырған аудан əкімі Қаниевке де оңбай тиді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: vladnews.ru

Ақтөбе облысы Қобда ауданына қарасты Жаңаталап селолық округының əкімі Жұмақұлов С. ішімдікке сылқия тойып, қарамағындағы қызметкерді балағаттаған болатын. Бұл туралы БАҚ беттерінде көп талқыланып, Ақтөбедегі мемлекеттік қызметкерлердің адам шошырлық əрекеттері айтылды.

2 желтоқсан күні тəртіптік кеңесте мəселесі қаралған Жаңаталап ауылының əкімі қызметінен босатылды. Сонымен қатар, Тəртіптік кеңес төрағасы Қайыржан Тоқышев Қызылжар селолық округының əкімі де қызметіне лайықты емес деген ұсыныс айтты.

Əкімдікке жұмыс іздеп барған 3 топ мүгедегін балағаттаған Қызылжар селолық округының əкімі Накеш А. қызметінен босатылды.

Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бұл жазасы енді басқа əкімдерге үлгі болуға тиіс. Сонымен қатар, өз қызметі мен міндетін салғырт атқарып жүрген Темір ауданының əкімі Бауыржан Қаниевтың жауырынын да қамшы жосты.

“8 желтоқсан күнгі облыс əкімінің ұйғарымымен Темір ауданының əкіміне қатаң сөгіс берілді”, – деп хабарлайды облыс əкімінің баспасөз қызметі.

 Дереккөз: NUR.KZ

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз