Кітап оқымайтын 17 жастағы бойжеткен «Қазақстан аруы-2015» атанды (фото, видео)

3
551

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында жыл сайын өтетін 19-шы ұлттық байқау – “Қазақстан аруы-2015″ өткізілді. 17 жастағы Маңғыстау колледжінің студенті, ақтаулық Әлия Мергенбаева тәж бен 5 млн теңгенің иесі атанды. Байқауда 30 қазақстандық ару бақ сынаған болатын.

IMG_7240

Байқау I love Astana жазуы бар киім киген қатысушылардың тамаша биінен басталды. Астанаға деген махаббатын арулар қолына жүрек ұстап шығып байқатты деп жазады NUR.KZ.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақстан аруы атағы кітап оқымайтын ару – 17 жастағы Әлия Мергенбаеваға бұйырды. Әлия кітап оқымайтынын өзін таныстыру бейнеролигінде ашығынан айтып, ағынан жарылған. Дегенмен бұл жағдай арудың топ жаруына еш кедергі болмаған.

Ал сол арада, төрешілер шешіміне аң-таң болған көпшілік желілерде бұл жайтты жарыса талқылауға көшкен.

“Кітап оқымаған қыз Қазақстан аруы атанды дейсіңдер”, – деп жазған журналист Ержан Байтілес өз facebook парақшасында.

Биыл «Қазақстан Аруы-2015» жеңімпазын қазақстандықтар онлайн және СМС дауыс беру арқылы таңдады. Жеңімпаздың есімін жариялау үшін сахнаға Олимпиада чемпионы, велошабандоз Александр Винокуров шықты. Еске сала кетсек, ақтық кезеңге қазылар алқасының шешімімен 5 ару өткен болатын деп хабарлады inform.kz.

Байқауға Қазақстанның әр облысынан 30 үміткер қатысты. Байқауға қатысып отырғандардың ішінде журналист, халықаралық заңгер сынды мамандық иелері бар. Тіпті, мектеп оқушылары да бағын сынай келген.

«Қазақстан Аруы-2015» жеңімпазына 5 миллион теңге сыйлықпен қатар этностильдегі қыз жасауы тарту етілді. Қазақтың дәстүрлі қыз жасауы «Алтын орда» авторлық дизайн үйі шеберлерінің қолымен жасалған. Салтанатты жиынтыққа «Махаббат көрпесі», сандықтар, «Бедерлі өрнектер» шал жастығы, қолдан тігілген жастықтар, сондай-ақ дәстүрлі дастарқан кіреді. Осының барлығын ұлттық дәстүрді ұрпақтан ұрпаққа дәріптеуді мақсат тұтып отырған этно-дизайнер Ырза Тұрсынзада жасап отыр.

Қазылар алқасына тағайындалған адамдардың ішінде еліміздің танымал әрі құрметті азаматтары: Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева, «Астана» футбол клубының бас менеджері Қайсар Бекенов, ғарышкер Айдын Айымбетов және актриса Әсел Сағатова болды.

Сонымен бірге, қазылар қатарына «Милосердие» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин, велошабандоз Александр Винокуров, «Астана Жастары» жастар орталығының басшысы Әнуар Нұпейісов, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің этно-дизайнері Ырза Тұрсынзада және «Қазақстан Аруы» байқауының президенті Алена Ривлина-Кырбасова кірген еді.

 

6e3d1325e4080d9341e683973f162fff

IMG_7265

IMG_7270

IMG_7277

 

3 ПІКІРЛЕР

  1. Сонда «Қазақстан ару – 2015» байқауының жеңімпазы надан адам болғаны ма … Жетіскен екенбіз.

  2. Не болса да әдемі қыз екен, қазақтың салт-дәстүрін біліп, қазақтың қызы деген атқа лайық болса болды!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз