Айсұлтан Назарбаев: Президент әкемнің тағдырына қатысты шешім қабылдағанда қатты қиналды

74
397

Президенттің немересі Айсұлтан Назарбаев 10 желтоқсанда өмірден өткен әкесі Рахат Әлиевті еске алып, ол туралы ойларымен өзінің Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

Жақында менің көзіме Бұқар жыраудың айтқан бір нақыл сөзі шалынды (Абылай ханның кеңесшісі): Әкелі бала – жау жүрек, әкесіз бала – сұм жүрек. Өз әкесін мойындаған адам – батыл. Өз әкесінен безген адам – зұлым.

Кейбір жағдайларға байланысты 10 желтоқсан күні мен осы сөздерді оқыдым. Сол күні менің әкем Рахат Әлиев өзінің 53 жасын қарсы алар ма еді, алайда, өкінішке қарай Алланың өзге жоспарлары болыпты. Ол өте қарапайым адам болатын, алайда өмір деген қиын дүние. Онда бәрі қара немесе ақ болуы мүмкін. Өмірдің мәні – ерекшелігі мен өзгешелгінде. Маған жақсы тәрбие берді, өсірді, оқытты, дәл сол адам менің футбол мен спортқа деген махаббатымды оятқан, сондықтан да мен оны әрқашан тек жақсы әке ретінде еске аламын. Қандай жағдай болмасын, өз әкесінің ұлы ретінде мен оған тек алғыс айтамын.

Кейде мен ол туралы әртүрлі нәрселерді оқимын. Оны сыйлаған және жақсы көрген адамдар бар, және әлі күнге дейін көргісі келмейтін де адамдар бар. Мен Алладан қорқатын адам ретінде ешкімді сөкпеймін, ерте ме, кеш пе бәріміз соның алдына барамыз, сонда әркім өзінің шындығына қарай жауап береді. Біреуді сөгу – әркім көтере білмейтін өте ауыр салмақ. Тіпті президент өткенін еске алып отырып, әкемнің тағдырына қатысты шешім қабылдағанда қатты қиналғанын айтты. Мен атамның бойындағы батылдық пен жігерлілікке таңданамын. Көп адам біле бермейді, ол менің әкемнің орнын алмастырып, қайратты жүрек пен парасатты ақыл арқылы өмір сүруге үйреткенін. Мен ойлаймын осының арқасында шындықтан қорықпай, өз арымнан ұялмай, мен өзіммен өзім болуды үйрендім. Ол мені шынайы өмір және өз үндестігіммен өмір сүруге үйретті.

Көпшіліктің алдында өзімнің ертеңім үшін әкемнен теріс айналуым керек деген пікір айтқан менің өмірімде кеңесшілер де болды. Өкінішті, егер ондай адамдардың жаны болмаса ондай адамдар қалай өмір сүреді? Мен өз әкемнен теріс айналуды ешқашан да ойлаған емеспін. Себебі, анаммен маған өмір сыйлаған адам – менің әкем екенін ешкім де, ештеңе де өзгерте алмайды.

Мен қандай да бір жеке мақсаттар үшін немесе қандай да бір мансап үшін одан бас тартпақ емеспін. Өмірді сүріп және өмірімнің соңына дейін өз-өзіне адал болып қалудан асқан мансап жоқ. Менің бұл дүниеде қатты қорқатын нәрсем көп, жылдардан кейін оянып, өзімді жоғалтып алғанымды сезіну. Дәл сондай адамдардың осы өмірде де, ана өмірде де бақыты мен тыныштығы болмайды.

10 желтоқсан күні әкемді тек жақсы ойлармен еске алдым. Менің жүрегімде дәл сол сәтте ешқандай зұлымдық болған жоқ. Тек жылы сезімдер мен тек көкте ғана көрісетініміз жайлы аздаған өкініш болды. Мен өмірден өткендер туралы жақсылығын ғана айту керек деп айтып кеткен адам өте дана кісі болған деп санаймын. Адамнан хайуанға айналып кетпеудің жақсы жолы. Қазір менің де отбасым бар, ИншАлла балаларым да болады. Менің тағдырым қандай боларын білмеймін, бірақ бәрінен бұрын ұлым немесе ұлдарым мені дәл солай, ештеңеге қарамастан, құрметпен еске алып отырғанын қалаймын. Сол кезде мен, тіпті аспанда оларға Бұқар жыраудың өзі “сендер нағыз ерсіңдер – мақтан тұтамын” деген сөздерімен қарап тұра аламын.

74 ПІКІРЛЕР

  1. Әкенің орны әрқашанда ерекше білінеді ғой! Сондықтан қандай адам болмасын әке атауын қастерлеуіміз керек. Барлық адамдар қателік жібереді, бірақ балалары қалай қабылдайтынына көп ойланып жатпайды. Рахат Әлиев те сондай қадам жасаған болуы керек…

  2. Қандай тағдыр болмасада өз ата-анасын құрметтеу керек деп ойлаймын. Дін мұсылман жолында әкені құрметтеу-айырықша парыз.

  3. Принципиальный, молодец, мне кажется ему нужно возглавить ФФК, он рвется и мечтает, чтобы казахстанский футбол развивался, он искренне переживает за наш футбол, думаю ему не нужны интриги и деньги, я в него верю!

  4. иманжүзді бала екен. Аллам әрдайым жар болсын! туған еліңе қызмет ететін абыройлы тағдыр бұйыртсын!

  5. Президентіміздің де көрегендігі ғой, «әкеңнен бас тарт» деген жоқ. қазақтың қанында жоғалып бара жатқан осындай тектілік жасасын. бәріміз жаным арымның садағасы деген қазақ екенімізді ұмытпайық.

  6. ешкім де басқа әкеден қайта туа алмайды. құдай сол кісінің ұрпағы болуды жазыпты, бірақ оның жолын қайталауды жазбасын.кім кім де періште емес қой, адасады, бәріне осындай терең көзбен қарайтының дұрыс, бала.

  7. Айсұлтанды сыйлап кеттім. көрсем, қолын алармын. елдің алдында абыройлы болудың жалғыз жолы осы, шынайылық пен жүрекжардылық. жарайсың

  8. Бұл жігіт футбол туралы ойларымен бір тәнті қылып еді. енді міне, еркін олайтынын тағы көрсетіп отыр. елдің сүйіктсіне айналады ау.

  9. Керемет жақсы тәрбие алған екен осылайша,әр ұл бала Айсұлтан сияқты ойлайтынына сенемің.

  10. Кім болсада ертенгі күні адам болып халыққа пайда әкелетің азаматтың бірі деп көріп сеңгім келеді.

  11. Елімізде ойы таза, ары таза нағыз азамат қалыптасып, ер жетіп келе жатыр екен, ризамыз.

  12. Әкенің аты әке ғой, мейлі ол жаман болсын, мейлі жақсы болсын, бала үшін әке болып қалады.

  13. Главное что понимаешь что все равно нас ждет впереди Всевышний!И тогда уже не убежать от своих грехов!

  14. Дорогой Айсултан верь что у тебя прекрасное будущее!Хотя бы только потому что ты человек верующий!

  15. Тәрбиелі азамат болып өскені көрініп тұр, жарайсың әкең қандай болса да сенің әкеі болып қалады. Оны құрметтеп сағынып еске алғаның орынды.

  16. Атына заты сай жас жігіт екен! Тәрбиесі мен тәлімі жетік, халқы үшін және елі үшін әділ қызмет атқаратын адамға ұқсайды, солай да болар! Әрине, әр адамның әке жолы ерекше, кейде тәлім береді, кейде сабақ болады.

  17. Тәрбие көрген бала екені көрініп тур, Алла жарылкасын, иманы барнан үміт бар, иманын кушті болсын бауырым

  18. Айсұлтан әкесі Рахат Әлиевтің тағдырының шындығын біле ме екен?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз