Ақын Айнұр Тұрсынбаева сыйға тартқан қазақтың ұлттық киімі жаңа иесіне дарын қондырып жатқандай. Бұндай ойымен шымкенттік мұғалім Ө.Шыныбекұлы Facebook парақшасында бөлісті, деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.
«Ондай әдеті жоқ еді, ақын Айнұр апасы сыйлаған костюмнің әсері болар, қызым тойда “Қаражорға” билеймін деп шатақ шығарсын. Амал жоқ, асабаға айтып той бағдарламасын аздап өзгертуге тура келді», – деп жазған мұғалім.
Шыныбекұлы немере қызының тойда билеген видеосын әлеуметтік желіге жүктеп қойған.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын жазба авторы ақын Айнұр Тұрсынбаеваның сәукелесін көріп қатты қызыққаны, біраз күннен кейін ақын қыз хабарласып, қазақтың ұлттық киімін немере қызына сыйлағысы келгенін айтқаны туралы жазған болатын. Ақыры көп уақыт өтпей ақынның көмекшілерінің бірі әлгі костюмді шымкенттік мұғалімнің үйіне жеткізіп берген.
http://alashainasy.kz/culture/aynur-tursyinbaevanyin-saukelesn-kigen-buldrshnge-kasiet-daryigan-77767/