Көктемде теңге тапшылығы сезіліп, девальвация болуы мүмкін

1
211

Көктемде теңге тапшылығы сезіліп, девальвация болуы мүмкін

 

Мұнайдың арзандауы доллардың тағы шарықтауына әсер етті. Қазақстан қор биржасында АҚШ бір доллары 352 теңгеге өсіп, рекордтық көрсеткішке жетті деп хабарлайды Алматы арнасы.

Ал, ақша айырбастау орындарында жасыл қағаз 353-354 теңгеден сатылып жатыр. Халықаралық валютаның елімізде өсуі бұндай көрсеткішке ешқашан жеткен емес.
Бірақ сарапшылар теңгенің құлдырап, жасыл қағаздың өсуі әліде орын алады деп санайды.
“Егер бұл процес жалғаса берсе, 2016 жылы көктемде экономикамыз шынында қиын болады. Теңгенің тапшылығы сезіліп, девальвация болуы да мүмкін”- деді экономист Мақсат Серәлі.
Биржада таңғы сауда қорытындысы бойынша 47 миллион 400 мың доллар сатылды. Бұл кешегі күнмен салыстырғанда 10 миллион 800 мың долларға кем. Валюта нарығына еліміздің отызға жуық компаниясы қатысты.

http://alashainasy.kz/economica/koktemde-tenge-tapshyilyigyi-sezlp-devalvatsiya-boluyi-mumkn-78406/

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз