Қазақстан стратегиялық мәні бар ондаған ұлттық компанияны сатуға қоймақ

71
161

Қазақстан стратегиялық мәні бар ондаған ұлттық компанияны сатуға қоймақ

 

Теңге девальвациясы мен экспортқа шығатын шикізат бағасы арзандаған соң бюджетті толтыру қажеттігі туғанын жариялаған Қазақстан ондаған компанияны сатуға қоймақ. Бақылаушылар биліктен стратегиялық активтерді сатқан кезде ашықтықты қамтамасыз етуді сұрайды. Бұл туралы Азаттық жазады.

Бұл жолы сатылымға «Қазақстан темір жолы», «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы, «ҚазМұнайГаз», «Қазпошта», «Қазақтелеком» компаниялары, «Эйр Астана» мен Qazaq Air әуе компаниялары, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Астана, Қостанай, Петропавл және Қызылорда әуежайлары, Ақтау халықаралық теңіз-сауда порты және «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі, KEGOC компаниясы, «Қорғас» халықаралық шекаралас ынтымақтастық орталығы, «Қазғарыш», «Самұрық-Энерго» компаниялары, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы, «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «Қазақфильм» киностудиясы, «Бөбек» сауықтыру орталығы және Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығы қойылды.
Бұдан бөлек, теңгенің құлдырауы мен мұнай, металл бағасының арзандауы салдарынан «түбі көріне бастаған» ел бюджетін толтыру үшін негізгі үш мұнай өңдеу зауыты да жарым-жартылай немесе бүтіндей жекешелендірілуі мүмкін деген хабар тарады.
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ СЕБЕПТЕРІ
Кейбір қазақстандық экономистер «мемлекеттік және ұлттық компаниялар тиімді басқарылса, бұл жекешелендіру болмас еді» деп санайды. Экономика ғылымы докторы, профессор, академик, Қазақстан ғалымдары одағының президенті Оразалы Сәбденнің Азаттыққа айтуынша, топ-менеджемент пен орта буын мамандарының кәсіби деңгейі төмен. Экономист «олар білікті болғанда, мына сияқты жаппай сатылымның қажеті болмас еді» дейді.
Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетіне қарасты экономика институтының Астанадағы филиалы директоры, экономика ғылымының кандидаты, профессор Жангелді Шымшықовтың айтуынша, мемлекеттік менеджмент түпкі нәтижені арттыруға құлықсыз әрі мүдделі емес.
“Мемлекеттік құрылымдардың жанынан қаптап ашылған квази-мемлекеттік кәсіпорындар кәсіпкерлік пен бәсекелестікті қалыптастыруға кедергі келтіретіні соңғы кезде анықталды. Жекешелендіру процесін тоқтаусыз жүргізе беретініміздің ең басты себебі – осы”, – дейді Жангелді Шымшықов.

Экономистің пікірінше, бұл жолғы жаппай сатудың тағы бір себебі – жекешелендіруден қазынаға азын-аулақ ақша түседі, бірақ ол «екі жылда триллион теңге жинала қоймас» деп болжайды.

“Жеке меншіктің қолына өткен соң кәсіпорындардан пайда да, салық та көбірек түседі, ал ең бастысы олар кәсіпкерлікті дамытып, бәсекелестікті күшейтеді. Ал бәсекелестік болған жерде сапа жақсарып, баға арзандайды, инновация енгізіледі”, – дейді Жангелді Шымшықов.
Бірақ ол «жаппай жекешелендіру мүмкін емес әрі дұрыс емес, стратегиялық салаларға тиіспеу керек» деп санайды.
Академик Оразәлі Сәбденнің пікірінше, жекешелендіру ашық әрі әділ өтуі тиіс.
“Бірақ мына жекешелендіруді желеу етіп, халық емес, тағы сол қолында миллиардтары бар адамдар байи түсуі мүмкін. Бұл жолы да бәрі халықтың ақшасына байып алған миллиардерлерге сатылып кетпес үшін мына жекешелендіруді бүкіл халық болып бақылау керек. Орта таптың қолына да бірдеңе тигеніне бүкіл халықтың көзі жету үшін жекешелендіруді ашық конкурс негізінде әрі телевизия, баспасөз арқылы көрсетіп жүргізу керек. Бұл механизм қаншалықты тиімді жұмыс істейді? Алдыңғы жекешелендірулер қалай өткенін бәріміз көрдік қой. Кімге не тигенін халық біледі”, – дейді Оразәлі Сәбден.

Академик, экономика және техника ғылымдарының докторы Едіге Түркебаевтың айтуынша, енді Қазақстан экономикасының бағытын кірістің көбін жергілікті кәсіпорындар беретіндей етіп өзгерту керек. Оның пікірінше, «енді сырттан ақша түспейді, сондықтан Қазақстан ішкі ресурстар есебінен дамуы керек, ал оның нәтижесі отандық халық шаруашылығының тиімділігін арттыруы тиіс».
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтыр күзде шетелдік және отандық бизнесмендерді жекешелендіруге қатысуға бірнеше рет шақырған. Оның сөзінше, елдің гүлденуі үшін жетекші кәсіпорындар акцияларының бақылау пакеті мемлекет иелегінде болуы шарт емес.

«Біз кәсіпорын жұмыс істеп, өнім сатқанын, маркетингтік бөлім жұмысы жолға қойылып, адамдар жақсы еңбекақы алғанын, одан салық төлегенін, ал кәсіпорынның өзі мемлекетке ақша төлегенін қалаймыз. Бар болғаны осы. Ол кәсіпорынның кімнің меншігінде екені маған бәрібір» деген президент Назарбаевтың сөзін келтірген болатын баспасөз құралдары.

71 ПІКІРЛЕР

  1. Сатылған кәсіпорындардың жанданып, жаңа белеске көтерілуіне жағдай жасалады деп ойлаймын.

  2. Меніңше бұл дұрыс шара. Өйткені жекешелендіру арқылы мемлекеттік қазынаға ақша құйылады әрі бизнеске де жағымды әсер етеді.

  3. Жекешелендіру құр әшейін жекешелендіру үшін емес, экономикалық қызметтің тиімділігін арттыру үшін жасалуы керек

  4. Жекшелендіру халық арасында түрлі пікірлер туындатып жатыр. Сондықтан жекешелендіру процесін ашық түрде, халықты барынша толықтай ақпараттандыру арқылы жүргізсе екен деймін.

  5. Жекеменшік нысандар мемлекеттік мекемелерге қарағанда тиімді жұмыс жүргізіп, экономикамызға пайдасын тигізеді деген ойдамын.

  6. Бұл бағдарлама еліміздің экономикалық күш-қуатын арттыруға, халықтың әл-ауқатының жақсаруына үлес қосатынына сенемін.

  7. Бұл жерде ең бастысы халық, елдегі ірі кәсіпкерлер жекешелендіру процесіне белсенді араласып, өндірістегі өз үлестерін көбейтіп, қаржысын пайдалы, тиімді экономикалық салаларға салуы қажет.

  8. Меніңше ел өндірістерінің үлесі өз азаматтарымызға тиесілі болса, біріншіден, шағын және орта бизнес дамып, жұмыс орындары көбейіп, халықтың әл-ауқаты жақсарады, екіншіден, қаржы өз нарығымызда қалады

  9. Үкімет бұл жекешелендіру аясында ішкі рыноктан бюджетке қаржы тарта алады, ал қазіргі дағдарыс уақытында мемлекеттік қазынаға кіріс әкелу өте маңызды. Сондықтан бұл дұрыс шара деп ойлаймын.

  10. Мы верим своему президенту!Он сделает все что чтобы все религии жили в мире и согласия!!

  11. Шынымен де, оларды нарықтық қатынастарға жіберу керек, бәсекелестік дамиды

  12. Бұның бәрі ел экономикасының көтерілуіне алып келетін шаралардың бірі деп ойлаймын

  13. мен толықтай қолдаймын. қаншама компания мемлекеттің мойнына масыл болып отыр. шықсын, дәлелдесін, керек екенін көрсетсін, қазынаға салық төлесін. үкімет өлтірмейді деген санадан арылу керек.

  14. тоқсаныншы жылы қанша мекеме жекешелендірілді. сол кезде де аман есен өттік қой. бұл мемлекеттің дамуындағы келесі белес деп ойлаймын.

  15. экономикалық сауаты бар адам қазіргі халықаралық экономикалық жағдайда жекешелендірудің ең тиімді тәсіл екенін түсінеді.

  16. меніңше дұрыс болды. халыққа қажет компания өзін дәлелдей алады. бұрынғыдай бюджетке қол жайып отырмайды, әркім өзінің нанын табу үшін жанталасады. заман сондай.

  17. Нәтижесі жақсы болып, экономикамызға пайдасын тигізеді деген ойдамын.

  18. Бұл шара бизнеске жаңа дем беріп, мемлекеттік қазынаға қаражат құяды. Сондықтан өз басым бұл бастаманы қолдаймын.

  19. Жекешелендіру еліміздің іргесін нығайтып, күрделі кезеңнен күрмелмей өтуге, бизнесті дамытуға септігін тигізеді.

  20. Оразалы Сабденнін пікірімен келісемін, бізде өкінішке орай жақсы мамандар аз.

  21. Осы бағдарламаны мен өзім қолдаймын. Бастысы,сол жекелендірілген нысаналар өз жұмысын ары қарай жалғастырып, көкірегін одан әрі көтерсін.

  22. Әрине пайда көп түседі жеке меншік ұйымдардан, олар өз табысы үшін жақсы жұмысын атқарады

  23. Жеке ұйымдардың тек табысы ғана өспей сонымен қатар жауапкершілік өте қатты қатаң болады

  24. Продавать причем нужно при всем честном народе как говорят, чтобы все было прозрачно!

  25. Халыққа жақсылап қызмет көрседеді деп ойлаймын жеке меншік компаниялар

  26. Шешім жоғары биліктілердің қолында, дұрыс және онды жағына көшеді деп ойлаймын

  27. О. Сабден өте дұрыс айтады, бұрын болған жеккешенділулерді саралап қателіктерін жібермеу қажет

  28. Я за приватизацию, думаю это хороший путь для поднятия экономики, только контроль должен быть систематический

  29. Брать к примеру частные клиники, работают для себя и народ конечно желает у них получать услуги. Так и здесь сервис думаю будет на высоте

  30. Сабденнін сөзінін шыны бар, жақсы экономист, кітаптары түсінікті жазылған

  31. Булда бір дурыс шешім шығар. Ойланбай жумыс істелмейдігой. Натижесі мол болар деп тілійік

  32. Жеке меншік бала бақшалар әлдеқайда жақсы мемлекеттіктермен салыстарғанда

  33. Я думаю, что передача гос органов частным лицам эффективней. Ведь частные менеджеры они более креативней и находчивей

  34. Халық арасында қазір талқыға түсіп жатқан мәселе ғой қазір, бірақ алаңдаудың қажеті жоқ деп ойлаймын!

  35. Бастысы экономикаға пайдасын алып келіп,и кризистан шығуға көмектессе болды

  36. Халықты жұмыспен қамтамасыз етіп барлық жағдайды жасап жатса ешқандай зияны жоқ деп ойлаймын

  37. Еліміздің болашағы үшін жоспарлар құрылып, соны алға жылжытып жатыр, оныңм жаман ештеңесі жоқ деп ойлаймын

  38. Елбасы елімізді қалай да болмасын тығырықтан шығарып, аяққа нық бастырам деп жасап жатыр ғой!!!!

  39. Қазіргі жағдай бәрімізді алаңдатып жатыр, алдағы уақыттан тек жақсылықтар күтейік

  40. Ұлттық компаниялардың бәрі жекешелендірсе барлығы бұрынғыша қалады деп ойлаймын

  41. Үлкен компанияларды жекеге сатқаннан біз еш ұтылмаймыз. Біріншіден кәсіпорынды сақтап қаламыз, екіншіден жұмысшылар қысқармайды.

  42. Расымен де бәрібір емес пе? Сол кәсіпорын жұмыс жасап тұрса болды ғой бастысы.

  43. Елбасы ел үшін ең тиімді жағын қарастырып жатыр. Біз жекелендірмесек дағдарыс кезінде оларды қаржыландыру қиынға соғар еді.

  44. Қазақстанның стратегиялық рентабельді мемлекеттік мүлікті шет ел компанияларға сату – бұл шет мемлекеттерге қайта бодан болу.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз