“Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қапты”

1
520

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының назарына! 


 

12463973_1262664013760553_1946827388_nМен, Ермек Әбілдаев (суретте), «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушыларының бірімін. Нұрағаңмен (Нұрғиса Тілендиев.)  – өзіңіз білесіз 18 жыл қызметтес болдым (1980-1998).

Оркестрдің әншісі ретінде, директоры, әкімгері, администраторы болып қызмет атқардым. Нұрағаң мені бірде бір іс-сапардан, концерттік бағдарламадан қалдырған емес. Барлық жауапты шаруашылық жұмыстарды маған сеніп тапсыратын. 18 жыл бойы сыйластықпен шығармашылық тығыз байланыста болдық.

Өзінің көп әндерін оркестрге менің дауысыма лайықтап түсірді. Бүкіл Қазақстанды бірге араладық. Қазақстан және шетелдерге көптеген гастрольдік сапарлар ұйымдастырдым. Соның ішінде өзіңіз басқарып барған Солтүстік Кореяға ұйымдастырылған гастрольдік сапар ерекше болды.

Кореяға баратынымыз туралы Нұрағаңа алдын ала ескерттім. «Иттің етін жемеймін» деп қалжыңдады. Онша қолдау көрсетпеді. Ол кісінің алдынан өткеннен соң астыртын құжаттарды дайындай бердім. Бәрі дайын болған соң Нұрағаңа кеттік дедім ол кісі қарсы болмады.

Корей елшілігімен ақылдасып корей тілінде өзіме бір ән дайындап алдым. Білгендей дайындаппын – Корей мәдениет министрлігінен патриоттық ән болмаса финалға өте алмайсыңдар деді. Корей халқының көсемі Генералиссимус Ким Ир Сенге арналған патриоттық ән менде бар еді. 15 мин дайындықтан кейін, сахнаға бірақ шықтық, зал түрегеп тұрып қол соқты. Осы әннің арқасында бағымыз жанды біз финалға өттік. 67 мемлекеттен келген әншілер арасынан мен бірінші орынға ие болдым.

Осы гастрольдік сапардан соң өзімнің жеке шығармашылық концертімді өткіздім. Мәдениет министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталдым.

12483537_1262664040427217_1793338499_nОркестрге байланысты көптеген өзекті мәселелерді Нұрағаңмен ақылдаса жүріп шештік. Менің әнші ретінде сахнада жүргеніме 50 жыл  болды (1965-2015). Оның ішінде «Отырар сазы» оркестрінде бір жерде ешқайда ауыспай осы оркестрдің негізін қалаушыларының бірі және әншісі ұйымдастырушы-директоры ретінде 32 жыл қызмет атқардым. (1980-2012).

Осы аралықта менің көзімше 20-шақты дирижер ауысты. Оркестрдің қамын ойлап болашағы үшін тер төгіп Нұрағаң екеуміз адал еңбек еттік. Нұрағаң «менің Козловскиім» деп қалжыңдаса да анда-санда менің арқамнан қағып бағалаушы еді. Күндіз түні бірге болдық. Қай жақта жүрсекте жұмыстан қалмайтынбыз.

Нұрағаңның басқаруымен бірнеше дүркін өзімнің жеке шығармашылық концертімді өткіздім.Оркестрге байланысты күрделі мәселелердің бел ортасында Нұрағаңмен бірге болдым.

Шындықты айтатын болсам,ендігі мәселе Динараға (Динзухра) байланысты.Оны жұмысқа алу оңай болмады. Филармония әкімшілігі және коллектив оны қолдамады.

Сөйтіп жүргенде мәдениет министрі М. Құлмұхаммед мырза филармония коллективтерін тыңдауға келеді деген әңгіме шықты Мен таңғы сағат 6-да Дахаға звандадым. «Қайтсекте Динараны министрге көрсетуіміз» керек дедім.

Филармония әкімшілігі «оны министрге көрсетуге болмайды, шикі, тәжірибесі жоқ ұятқа қаламыз» деп шықты. Мен қасарысып тұрып алған соң шықсада «Ата толғауымен» шықсын деді.

«Жоқ! Махамбетпен шығады», дедім. Оған өзі дайындалған. Мемлекеттік емтиханда дирижерлық жасаған.

Әйтеуір жабылып жүріп оны министрдің алдына шығардық. Министр орнынан ұшып тұрды: «Бұл Тілендиевтің оркестрі, Динара Тілендиевтің қызы. Сондықтан бүгіннен бастап, оркестрдің бастығы Динара болады», –деді. Біз қуанып кеттік.

Ертеңіне филармонияға келсем, ешқандай бұйрық жоқ. Жұмысқа қабылдайтын түрлері жоқ. Сөйтіп жүргенде бір ай өтіп кетті. Тағы да Дахаға звандадым. Мен бір концерт ұйымдастырайын, сіз А. Есімовті концертке шақырыңыз дедім. Сөйтіп жүріп әкімнің арқасында оны «Отырар сазы» оркестріне қабылдаттық.

«Бұйрық қашан шығады?» – деп Дахамен бірге директорға кірдік, сөйтсек дирижерлықты береміз, көркемдік жетекшіні бермейміз деді.Маған тағыда кірісуге тура келді – екеуінде бересіңдер, екеуі бөлінбейтін қызмет деп тұрып алдым. Бұйрықты өзгертуге мәжбүрледім.

Динара Тілендиева (суретте) туралы мен қазақша, орысша, ағылшынша үш тілде турлі түсті буклеттер шығардым. Ол туралы бірнеше газеттерге мақала бердім. Сөйтіп жүрген Динара мені оркестрге жолатпай жатыр.

WPo8AryZ«Күшікті асырап бақтым, ит болып өзімді қапты» демекші… Тағы бір мәселені айта кетейін. 1985 жылы – Динара дүниеге келген жылы – Нұрағаң біздің үйге келді. Одан бұрында бір себептермен Нұрағаң үйіне қонбай оншақты күн біздің үйде жатты.

Ол кісіні менің жұбайым марқұм Р. Шаушиева (ол да кәсіби әнші,Халықаралық әншілер конкурсының лауреаты ұлағатты ұстаз болатын) өте жақсы күтті. Рысқанды келінім деп жақсы көруші еді. Дахада сүт жоқ, Динараны емізу үшін тек саған келдім, басқа ешкімге сенбеймін деді. Ол кезде балаларымыз кішкентай арасы бір жастан болатын, ең үлкені үш жаста еді.

Соған қарамай Рысхан мархұм  үшеуін жетектеп алып, күнде барып Динараны бір айдай емізді. Ол мархұм Рысханның ақ сүтін ақтамады.

Нұрағаңмен үзеңгілес қызметтес болған менің Нұрағаңның 90 жылдығында концертке шығуым керек еді.Нұрағаң бағалап сыйласқан адамды ол да сыйлап қадірлеуі керек еді.Олай болмады. Ешкімді тыңдамады.

Филармония басшылығы қауқарсыз боп шықты. Астанаға қосатын шығар деп едім, олда жауапсыз қалды. Бесіктен белі шықпай жатып, бұл қандай көргенсіздік! Оркестр оның жекеменшігі емес қой! Нұрағаң қолдаған, сыйлаған осы оркестрдің негізін қалаушыларды олда қолдап сыйлауы керек еді ғой.

Нұрағаң концертке дайындықсыз ешқашанда шыққан емес.Бұл болса өзінің творчестволық деңгейіне қарамастан концертке еш дайындықсыз шыға береді. Жұмысқа айлап келмейді. Коллективпен жұмысы жоқ, коллектив туралы ойланбайды. Өзімен өзі жүрген біреу…

Қай жағынан алсаңызда, Нұрағаңмен екеуінің арасы жер мен көктей. Мүлдем Нұрағаңнан тумаған сияқты! Нұрағаңның бірде-бір қасиеті оған дарымаған. Нұрағаңның 90 жылдығына Нұрағаңа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын әншілерді қосқан.

Бір әншіні 4-5 рет шығарғаны не сасқаны? Бағдарлама өте ұзақ, көбісі шыдамай концертттен кетіп жатты. Тәрбиелеп жолға салу керек, егер нәтиже шығатын болса. Өмірлік тәжірибесі жетіспейді.

Бір күні маған Даха звандады. «Тез филармонияға жет» деді. Келсем, директордың кабинеті ауыз-мұрны толған ығай мен сығайлар отыр екен. Дахаң ортада жыламсырап отыр екен. Бұрыннан белгілі жағдай жұмыстан шығару.

Бір екеуін тыңдадым, әрі қарай шыдай алмадым. Не деген сұмдық! «Бұл Нұрағаңның 33 жыл отандасқан сүйікті жары емес пе? Нұрағаңды силамағандарыңыз ба? Ұят емес пе?», – дедім.

Төрде отырған лауазымды мәдениет саласында уақтысында үлкен қызметкер болған белгілі ақсақалға қарап тұрып бәрі жым болды. Ешкім ештеңе айталмады.Сол күні жиналған лауазымды мырзаларға дайындалған дастарханнан Дахаң екеумізде дәм татып, ішіп жеп қайттық. Содан кейін  Дахаңа ешкім тиісе алмады.

Сол жерден зейнеткерлікке бірақ шықты. Басында оркестрге жүргізуші керек деп Дахаңды жұмысқа алдырған мен едім.

                 Өтініш.                                                                                                        1. Биыл бола ма, келесі жылы ма «Отырар сазы» оркестрімен өзімнің жеке шығармашылық концертімді өткізуге.

2. 2011 жылы менің арнайы «Отырар сазы» оркестрінің құрамына және фольклорлы аспаптарға сүйене отырып құрылған абонементтік «Қазақ музыкасының кештері» атты лекция концертімді оркестрдің 2015-2016 ж. жоспарына енгізуге тапсырма беруіңізді сұраймын. Бұл абонементтік «Қазақ музыкасының кештері» атты лекция концерттің оқушылар мен жастарға берер тәрбиелік үлесі өте зор әрі маңызды деп санаймын. Уақтысында Білім департаментінің және Алматы мектеп директорларының қолдауымен ұсынысы бойынша ұйымдастырылған еді. Алматы қаласы бойынша бірнеше концерттер өткізілді. Жоспар бойынша әрі қарай бүкіл Алматы қ. студенттері мен оқушыларына лекция концерт әрі сабақ ретінде өткізілуі тиіс болатын. Өкінішке орай Динараның бұл концертке немқұрайлы қарап мән беріп түсінбеушілігіне байланысты тоқтап қалғанеді.

                                                               Ермек ӘБІЛДАЕВ,     

   әнші,  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі,

«Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушыларының бірі,


Редакциядан: Автордың мақаласын бірде-бір сөзін түзетпей қаз-қалпында бердік. 

Бас беттегі суретті Voxpopuli сайтынан алынды 

“Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қапты”

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз