Ұрылар байлаулы тұрған иттен бастап көлікке дейін айдап кетіп жатыр

2
180

Шымкентте қараша халық ай-күннің аманында ұры-қарыдан жәбір көріп отыр. Мыңдаған тұрғыны бар Самал ықшамауданында қарақшылар күндіздің өзінде байлаулы тұрған иттен бастап, есік алдындағы көлікке дейін айдап әкетеді екен.

b2v32bv35g6df5f6g5f6gfgfgfg

Ал полиция еш әрекет етпейді дейді жұрт. Әбден зәрезап болған халық енді сол ұрылармен ауыз жаласып отырсыңдар деп тәртіп сақшыларын кінәлауда деп хабарлайды КТК арнасы.

Шымкент шетіндегі Самал-3 шағынауданына халық осыдан оншақты жыл бұрын қоныстана бастаған. Содан бері ұры-қарыдан тыным болмапты. Тіпті, соңғы 2 ай көлемінде елден мүлдем ұйқы қашқан. Қарақшылар күндіз-күн демей үйлерді бұзып кіріп, тонайтын хәлге жеткен. Тіпті ауыл ішінде еркін көсілетін ұрылар бір күнде бірнеше үйді тонауға көшіпті. Мәселен, 2 күн бұрын Алмас Қойбаевтың темір есігін сындырып кіріп, қабырғада ілулі тұрған бүкіл батареяларын жылыту қазандығымен бірге сыпырып кеткен.

Ешқандай жарығы жоқ көшеде түнде жүру қауіпті. Есік алдындағы байлаулы ит пен велосипедтен бастап, көлігін ұрлатқандар да бар. Бірақ, ұсталып жатқан ешкім жоқ. Ал, полицейлер ақша бермесең тіпті мұнда бас сұқпайды дейді тұрғындар.

“102-імен шақырған балаларым, ақша төлесеңіз барады дейді. Учаскелік инспекторлар тек күндіз істейді, түнде істемейді. Ұрының бәрі түнде шығады ғой”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Гүлнар Бердалиева.

Перизат Сейтенованың дүкені үш рет тоналыпты. Тіпті, ғимарат сыртына бақылау камерасын орнатқан екен. Сол камераны мониторымен қоса көтеріп әкеткен.

“Терезеден кіріп телевизорды, қаншама азықты алып кеткен. Терминал болатын оны да алып кеткен. Видеокамера болатын. Оны қырқып алып кеткен”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Перизат Сейтенова.

Күн сайын болып жатқан қылмысты ашпай жатқан полицейлер тіпті сол қарақшылармен ауыз жаласып отыр деп санайды мұндағылар. Ал, Ішкі істер департаментіндегілер әуелі ішкі тексеріс жүргізуіміз керек дейді. Қазір мүлдем полицейлерге сенуден қалған самалдықтар болса көшені өздері күзетуге көшкен. Егер ұстасақ ұры-қарының жазасын да өзіміз береміз деп ашулы.

 Дереккөз: КТК арнасы

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз