Биологтар Қостанай облысында табылған белгісіз мақұлықтың не екенін дөп басып айта алмады

1
413

Қостанай облысында көмірдің арасынан табылған белгісіз жәндіктің не екенін ешкім біле алмай жатыр. Биологтар оны тек ДНК сараптамасы арқылы ғана анықтауға болатынын алға тартты деп хабарлайды КТК арнасы.

червь

Беймәлім тіршілік иесін Бағаналы ауылы мектебінің от жағушылары тауып алған. Әуелі көмірдің арасынан пішіні бөтелкеге ұқсас белгісіз жұмыртқа шыққан. Оны күрекпен жарса, ішінен мына құртқа ұқсас, бірақ үлкен жәндік шығыпты.

Мамандардың айтуынша, бұл шынымен де ерекше тіршілік иесі болуы мүмкін. Бірақ, ДНК сараптамасынсыз мардымды ештеңе айта алмаймыз дейді олар. Бір қызығы, оның 30 градустық аязға қалай шыдап жатқаны түсініксіз.

“Біз барып қарағанда ол қозғалыссыз жатты. Аузында екі қатар тістері болғанын айтады, бірақ біз көрмедік. Өйткені, әбден көмір күйесімен бүлінген. Ал терісі кәдімгі жәндіктікі. Шыққан жұмыртқасы да тірі жаратылысқа тиесілі”, – дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайы табиғат бөлімінің қызметкері Андрей Андрюшенко.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз