БАҒАЛЫ БАСТАМА ҚОЛДАУ ТАБА МА?

1
290

МИНИСТР А.МАМЫТБЕКОВ ТЕЛЕФОНЫН САТЫП, АҚШАСЫН БЮДЖЕТКЕ АУДАРМАҚШЫ

1425623188_1413529984_asyl4

 

Бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев бастаған бір топ министрлер баспасөз мәслихатын өткізіп, халықтың көкейінде жүрген журналистердің көптеген сұрақтарына жауап берді. Әңгіме негізінен қазіргі дағдарыс жағдайындағы қалыптасқан еліміздегі экономикалық ахуалға байланысты болды.

Екі сағат бойы эконо­ми­каға төнген қауіп-қатер­лерді түсіндірген министрлер Ұлттық қордағы ақша таусылуы мүмкін деген болжамға жауап беріп, мемлекеттің әлеуметтік саладан басқа шығынын тағы қысқартатындарын мәлімдеді. Сонымен қатар, мұнайдың бағасы тағы да төмендейтін кезеңдерге арналған арнайы жоспарлары бар екенін жасырмады. Ол көбінесе бюджет шығынын азайтуға байланысты екені белгілі. Яғни, қатаң үнемге көшу керек. Бұл да бұрыннан белгілі жағдай. Брифингтің тұздығы – Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың қытайлықтар сыйға берген телефонын сатып, одан түскен 120 мың теңгені бюджетке аударатыны болды. Бұл туралы әріптесі Бақыт Сұлтанов айтып қалды. Несі бар, бағалы бастама! 120 мың теңге жыртығымызды толық жамамаса да, бастамасының өзі неге тұрады?! Бәлкім басқа әріптестері, өзге де бақуаттылар бұдан да асып түсетін шығар. Өйткені біздің шенеуніктер кедей емес, ақшаны күреп тауып жүрген кәсіпкерлер де баршылық. Кейбіреулері қымбат көлігін, көрікті коттедждерін де халқы үшін құрбан етсе артық етпейді. Дәп содан олардың дәулеті ортайып қалмайтын шығар. Сонымен ерекше «аукцион» басталды деп есептеңіздер, министр мырзалар. Қай министрдің патриот және жомарт екеніне жұрт көз жеткізетін күн туды, намысты қолдан бермеңіздер!

Зейнолла АБАЖАНОВ

“Қазақ үні” газеті

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз