Сібірді басқару жарғысындағы қазақты шоқындыру баптары

1
265

© namys.kz

  • © namys.kz

244-бап. Қырғыз-қайсақтардың мұсылмандығын өзгерту арқылы, олардың көпшілігін христиан дініне өткізудің мүмкіндігі зор. Облыс басшылығы қажет деп тапса, дінді көркем әрі еш зорлықсыз түрде насихаттай алатын арнайы өкілдерді шақырта алады.

245-бап. Қайбір округте христиандықты қабылдағандар саны 1000 адамнан асса, облыс басшылығы шіркеу салу үшін қаражат сұрауға және арнайы діндарды алдыруға міндетті.

246-бап. Діндарлар өз арасында жастарға арналған мектеп ашуға тырысу керек. Мектепте заң, оқу, жазу, арифметика пәндерін үйретіп және жалпы жергілікті басшылыққа халықтың көзін ашуға көмектесу керек.

247-бап. Сұлтандар мен старшиндар қаласа өз балаларын Сібір шебіндегі әскери-жетімдер бөлімшелеріне жіберіп, өкіметтің асырауына бере алады.

248-бап. Бұл балалар жазып-оқуды және санап үйренуді меңгергеннен кейін өз ата-аналарына, туыстарына қайта алады. Немесе өз қалауы бойынша патшаның қызметіне алынады.

249-бап. Әрбір қырғыз-қайсақ өз баласын жалпы ереже бойынша империя аймағындағы кез келген оқу орынына бере алады.

250-бап. Мектеп қабырғасында (діни мектептерден басқасы) қырғыз-қайсақтардың жүріп-тұруына еш бөгет болмай, керісінше қолғабыс етіп, кез келген тілектерін орындауға тырысу керек.

А. Левшин

«Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы»

420-бет

Аударған Рүстем Нүркен

namys.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз