Қытайлық компания қытай тілін білмейтіндердің қызметі жоғарыламайтынын айтқан

0
1115

 © aktobetimes.kz

  • © aktobetimes.kz

Ақтөбедегі кейбір компанияларда қытай тілін білмейтін жұмыскерлердің қызметі жоғарламайтын болды. Ал аталған фирмаларға жұмысқа тұрушылар үшін де аспан асты елінің көне тілін меңгеру міндеттелген. Бұл туралы aktobetimes-ке сілтеме жасап NUR.KZ басылымы жазды.

Сондай талапшыл мекеменің бірі –«Ақтөбемұнайгаз» компаниясының басшыларының жаңа бұйрығы қарамағындағы жұмысшылардың наразылығын тудырды. 2015 жылдың тамызында аталған мекеменің бас директоры Ван Цзюньжэнь мырза қарамағындағы жұмыскерлердің қытай тілін білуге ынталандырумен қатар, белгілі бір уақыт сайын қытай тіліндегі білімін тексеріп тұру бастамасын көтерген.
Компания мұндай талапты ең бірінші мекеменің қаржысынан Қытайда тәлім алып келген жастарды тексеру керектігін айтқан. Егер жас маман қытай тіліндегі сынақтан сүрінсе, компания оны жұмысқа алмауға құқылы. Енді міне уақыт өте келе қытай басшы жаңа бұйрық шығарған. Онда жұмысқа тұрушы ғана емес, компанияның есебінен Қытайда білім алып, бұрыннан қызмет етіп келе жатқан мамандардың да қытай тілінен тест тапсыру керектігі айтылыпты.


Сондай-ақ тіл мәселесі бір рет пен шектелмейді. «Ақтөбемұнайгаз» компаниясында қалып, мансапты қызмет жасаймын дегеннің барлығы әрбір 6 ай сайын сынақ тапсыруы тиіс. Жұмысшылардың наразылығын тудырған тағы бір мәселе тіл теңсіздігі. Егер, маман қытай тілін жақсы білсе –жалқасына қосымша үстеме төленіп, қызметі өседі. Көпшілік компания басшысының мақсатын түсіне алмай дал. Себебі, «Ақтөбемұнайгаз» компаниясында 6 мың 400 жұмысшы болса, соның 2 пайызы ғана Қытай азаматтары және олар көне ханзу тілімен сөйлейді.
ҚР тіл туралы заңның 10 бабында республика аумағында орналасқан барлық мекемелердің құжаты қазақ және орыс тілдерінде ғана жазылады деп анық көрсетілген. 15 бапта болса, шетелдіктер мен келісім-шартта мемлекеттік және ресми тілде жасалады, егер қажет болған жағдайда ғана шет тіліне аударуға болады делінген.
Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбемұнайгаз» компаниясының басшылық тарапынан бұрынырақ тағы да шу шыққан еді. Ол кезде компанияны тізгіндеген қытайлық мырза қарамағындағы жұмысшылардың 75 пайызын еріншек, профессионал емес, өз жұмысын білмейді деп кемсіткен болатын.

nur.kz


Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз