Қазақстандық студент мас күйінде пышағымен Мальтадағы қонақүй демалушыларына тап берді

0
452

Қазақстандық студент мас күйінде пышағымен Мальтадағы қонақүй демалушыларына тап берді

 

23 жасар Айбек Манапов есімді қазақстандық жігіт Мальта аралының Слима қаласында пышақпен алты адамға бас салып, жас әйелді жарақаттағаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Maltatoday басылымы.
Сондай-ақ, Айбек Манаповтың өзімен бірге қоғамдық орындарда 20 сантиметрлік пышақты жиі алып жүргені де анықталды.

Басылымның хабарлауынша, қазақстандық студент Мальтаға ағылшын тілін жетілдіру үшін аттанып, Слима қаласына тұрақтаған. Тексеріс барысында, Манаповтың пышақ кезенген сәтте қатты мас болғаны да белгілі болды.
Аталмыш оқиға 19 қаңтар күні түнгі сағат 1.45 шамасында орын алған.
Қазақстан азаматына қылмыстың бес бабы: тұрғындарға бас салу, жарақаттау, пышақты рұқсатсыз алып жүру, қоғамдық тәртіпті бұзу және қауіп төндіру бойынша айып тағылды.
Тергеуші Джонатан Ренсли Манаповтың ағылшын тілін оқуы қазан айынан басталғанын, мамыр айында аяқталуы тиіс екенін айтып өтті.
Оқиға болған жерде түсірілген кадрлар, пышақ және айыпталушының құжаттары сотқа өткізілді.
Жергілікті тергеуші қазақстандық студенттің тез арада Мальтадан Отанына қайтарылуы тиіс екенін және басқа студенттерге қауіп төндірмес үшін білім алатын мектептен аластатылуын талап етті.
Айбек Манаповтың қорғаушысы Иосиф Мицци қазақстандық жігіттің өз айыбын мойындайтынын және өткен іске өкінетінін жеткізді. Сондай-ақ , қорғаушы қазақстандық студенттің басқа қонақүйде тұруын өтініп сұрады. Сот жарақат алғандардан жырақ орналасқан басқа мекен-жайға ауысуға рұқсат берді.
Қазақстанның Мальтадағы елшісі Джон Дебоно сот отырысына қатысып, айыпталушының Мальтадан ең жуық арада кететініне сөз берді. Елші Мальтадан ұшатын ұшақтар Қазақстанға күніне екі рет қатынайтынын және студентті еліне қайтару еш қиындық туғызбайтынын атап өтті.
 
Дереккөз: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз